Нуржігіт Алтынбеков
151
Бұл - Уильям Оккамның ұстарасы. Ол арқылы Уильям Оккам метафизикалық
ұғымдардың көбін теріске шығарады, өйткені олар дәлелденбейді және пайдасыз. Біз
заттардың сапасы мен қасиет-терінен басқа тәжірибелік
зерттеуде еш нәрсе
таппаймыз. Олай болса, метафизикалық жалпы ұғымдар мәнсіз,
тек таным процесін
киындатады. Сондықтан тек тәжірибелік танымға ғана сүйену керек. Ол -
танымның іргетасы.
Әрине, мұндай көзқарас схоластикалық философияға үлкен соққы жасап, болашақ
тәжірибелік танымға жол ашты.
Ал оның қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне тигізген әсерін алатын болсақ, онда
жекелікті, жалқылықты ғана мойындау, діни көзқарасты
ғылыми білімнен бөлу
идеясына келеміз. Қоғамның саяси саласында діни биліктің саясаттан бөліну керектігі
жөніндегі идеяны туғызады. Ал Дүниеге келген жаңа идея іске аспай қоймайды. Оның
ар жағында жеке адамның құқы, оның мүддесінің жалпы қоғамның мүддесінен
басымдығы жөніндегі идея да алыс емес.
Достарыңызбен бөлісу: