Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


Аль-Киндидің онтологиялық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет129/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Аль-Киндидің онтологиялық көзқарастары 
Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде, екі субстанция жөнінде 
айтады. Бірінші субстанция ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын 
зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі 
ғылым зерттейді; екінші ғылым -- сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік 
қатынастарын салыстырады.


Нуржігіт Алтынбеков 
154 
Заттардың сапалық жағын геометрия және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл 
ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей, адам 
субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны 
білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені ол тұрақты және 
өзгермейді... 
Аль-Кинди: «Адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы - философия», - дейді. Оның 
мақсаты заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-
тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек. 
Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. қайсыбір затты танудың себебі - 
ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. Ақиқат қажетті 
танылады. Ең ізгі нәрсе бірінші ақиқат - Алла-тағала жөніндегі ғылым. Бір 
денені табу үшін ең алдымен 4 сұракка жауап беру керектігін айтады ойшыл.
Ол бар ма?
Ол не?
Ол қандай? 
 Себебі неде? 
Аль-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы Дүние санайды. Ал айдың 
ар жағында әлемде ешқандай қозғалыс: деп Дүниеге келу, кету, құру жоқ. Ол - тек 
қана жер бетіндегі болмысқа тән нәрселер. Бізді қоршаған болмыс 4 элементтен 
тұрады: от, ауа, жер, су, олар өзгермейді, тек солардан тұратын заттардың 
элементтері ғана азайып, көбеюі мүмкін. 
Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ мән-мағынадан 
алыста. Ол - сезімдік тану. Ол өне бойы өзгерісте, тұрақты емес, уақытша ғана өмір 
сүретін заттарды танумен байланысты. Оның сан жағы тұрақты емес: үлкейеді, 
кішірейеді, теңеледі, теңсізденеді. Оның сапасы жағы да өзгерісте: ол өзіне ұқсайды, 
ұқсамайды, күшіне енеді, әлсізденеді... Осы өзгеріп жаткан Дүниедегі заттардың 
бітімі қабылданады да, оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет