Нуржігіт Алтынбеков 175
жағынан, салықтың көлемін өсіруі мүмкін, екінші жағынан, экономикаға тікелей
араласып, ішкі және сыртқы сауданы бақылауға алып, одан пайда табуы мүмкін.
«Салық үлкен болса, онда халық әлсірейді, сонымен бірге мемлекеттің өзі де
әлсірейді», - дейді Ибн-Халдун (біздің үкіметке Ибн-Халдуннан осыдан 500 жыл бұрын
өмір сүрген дәріс алса да болғаны). Елдегі бай адамдар мемлекеттегі өздерінің алтынын
алып, басқа жаққа кетеді. Қарапайым адамдардың өзі де тамак, киім іздеп, дүниенің төрт
жағына қаңғып кетеді. Ал мұның бәрі де мемлекеттің өзін жояды, өйткені мемлекет -
қоғамның бітімі (формасы), ал оның материясы - ол сол елді құрайтын, оның
өндірісінде істейтін адамдар.
Сонымен мемлекет күйреді. Бірақ ол мемлекет атаулының бәрінің де жойылуы
емес. Оның орнына басқа мемлекет бітімі келіп, ол да тарихтағы өзінің қажетті
сатыларынан өтіп, өз орнын жаңа мемлекетке береді.
Ибн-Халдун бойынша, әр мемлекеттің өз өмір сүру ғасыры бар. Оның ұзақтығы
орташа алғанда үш ұрпақтың өміріне тең. (Кеңес мемлекетінің пайда болып күйреуін
алайык, ол үш ұрпақтың шеңберінде болды. - С.М.) Бірінші буын сол мемлекеттің
негізін қалап, өздерінен гөрі жалпы мемлекеттік мәселелердің қамын ойлайды.
Екінші буын жаңа пайда болып жетілген мемлекеттің жинаған байлығын пайдаланып,
рақатқа батуға тырысады, үшінші буын сол мемлекетті әлсіретіп, оның титықтауға
дейін жеткізеді.
Сонымен мемлекет пен цивилизацияның дүниеге келуінің негізгі себебі — бір. Ол
— өндірістік дамудың негізіндегі байлықтың, артықшылықтың пайда болуы.
"Мемлекет өздерінің адамдарынан акша жинап, басқарып отырған адамдарға
жұмсайды. Ол байлык қарапайым адамдардан келген мемлекет лауазымдарына,
одан қалса, солармен байланысты астанадағы адамдарға жұмсалады.
«Қайсыбір мемлекет пен цивилизацияның әлсіреп құруының алғышарты - ел
баскарған адамдардың аса қымбат заттарға ие болуға ұмтылуы, өмірден барынша
ләззат алуға тырысуы, өйткені ол қымбатшылықты туғызып, салықты өсіріп,