Нуржігіт Алтынбеков
178
Философия дегеніміз не? Даналықты сүю. Философия дегеніміз не?
Әсемдікті
сүю. Даналық дегеніміз не? Ол нағыз әсемдік емес пе? (А.Августин).
Жетілгендік - адамның өз жетілмегендігі жөніндегі білімі.
Біз бақытқа әсемдік арқылы, әсемдікке -
философия өнері арқылы жетеміз, ал
олай болса, біз философия арқылы бақытқа жетеміз. Ал философияға ақыл-ой,
шындық арқылы жетеміз. (Әл-Фараби).
Құдайдың құдіреттілігін дәлелдеу мүмкін емес,
оған тек қана сенім арқылы
жетуге болады. (У.Оккам.)
IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
Нуржігіт Алтынбеков
179
§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
Қайта өрлеу дәуірі
(Renaissance - фр.) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі
болды. Оның шеңберін біз ХІV-ХVІ ғ.ғ. белгілейміз.
Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-
экономикалық
жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда,
әсіресе
теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан калаларда сауда,
қолөнер өндірісі
тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық
қатынастардың сарқылып, көп іскер
шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас
бостандығын алып қалаларға
келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып,
жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әртүрлілігімен,
күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама
қоғамның рухани өміріндегі
жаңаруларға әкеледі.
Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістен
Достарыңызбен бөлісу: