Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет148/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
174 
мемлекеттің пайда болуына жағдай жасайды. 
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруі жөніндегі ілімі 
Мемлекеттің пайда болуы, өмір сүріп, соңында күйреуі Ибн-Халдунды өте 
қызықтырды, оның терең ойларын туғызған. Мемлекет, әрине, мүлік пайда болған 
кезде дүниеге келеді. Оның өзегін уақытында өте биік дәрежеде ұйымдасқан, 
ауызбірлігі биік ру, я болмаса тайпа құрайды. 
Бірақ уақыт өткен сайын мемлекет басшысы сол мемлекеттің басқару жүйесін 
кұрайтын өзінің туыстарынан бірте-бірте алшақтай бастайды. 
Олардың орнына басқа топтардан адамдар тартылып, неше түрлі көтеріңкі 
жағдайлар (привилегиялар) жасалып, оларға басқару істері тапсырылады. «Осы сәттен 
бастап мемлекеттің күйреуі басталады», - деген ойға келеді Ибн-Халдун. Оның себебі 
- сол мемлекеттің негізін қалаған ішкі бірлігі мол алғашқы ру, я тайпа қуылғаннан 
кейін, оның орнына келген адамдар тек жалақы үшін ғана қызмет етеді. Егер мемлекет 
үстіне кауіп төнсе, ол үшін жан-тәнін беретін адамдар олардың ішінде тым аз. 
Ибн-Халдун мемлекет пен өндірістің, бүгінгі сөзбен айтқанда, 
экономикамен өзара байланысын терең зерттеген ойшыл. Оның жасаған бұл мәселе 
жөніндегі кейбір тұжырымдары бүгінгі біздің хал-жағдайымыздан көшіріліп 
алынғандай. 
«Мемлекеттің өз табиғаты, өндірістің де өзінікі бар. Мысалы, тауарлардың 
бағасы өндіріске жұмсалған қаражатқа, оны әкелуге кететін ақшаға, нарықтағы 
сұранысқа т.с.с. байланысты», - дейді ойшыл. Оның сыртында қажетті түрде 
салынатын салықтар да өндірілетін тауарлардың бағасын өсіреді. 
Мемлекет, әрине, салықсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгі мемлекеттің басына 
келген кешегі көшпенділерге тәтті өмір сүру үшін, әскер ұстап, шекараны күзетіп 
және ел ішінде өзінің саяси қарсыластарымен күресу үшін қажет. Мемлекет, бір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет