Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет155/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
183 
керісінше, оның әрі қарай дамуындағы негізгі мәселенің біріне айналады. 
§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы 
философиясының ұлы тұлғасы 
Николай Кузанский (1401-1464 жж.) жас кезінде Падуя университетінде 
(Италия) оқып, соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде 
ортағасырлық философия мен Қайта өрлеу заманындағы гуманистік ой-пікірді 
ұштастырды. ¥лы ойшылдың діни еңбектерінен баска философиялық туындылары да 
біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік» деп аталады. 
Енді сол «ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән-мағынасына 
тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз 
анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз. 
Сондыктан бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша 
қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. 
Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз 
оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әркашанда шектелген) 
ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н.Кузанскийдің ойынша, 
ғылыми білімсіздікті тудырады. 
Осы тұрғыдан келгенде, Құдай үзілді-кесілді түрде танылмайды, өйткені ол 
шексіздік, оны ешқандай шектелген бұл Дүниедегі заттармен салыстыру мүмкін 
емес. Егер Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние 
шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие, олай болса, бір көкжиектің ар жағында екіншісі, 
одан әрі үшіншісі т.с.с. ашылады. Сондықтан Құдай танылмағанмен, ол жаратқан 
Дүниені танып, бір белестен екіншісіне өтіп, тереңдей беруге болады. 
Бұл ойын дәлелдеу үшін Н.Кузанский шеңбердің ішіндегі көпбұрышты 
келтіреді. Оның бұрыштарының санын көбейткен сайын ол шеңберге ұқсай береді, 
ал шексіз өсірсек, шенберге ұласады, екі жағы тең үшбұрышты да ұзарта берсек, оның 
екі жағы бір-біріне жақындап, шексіздікке жақындаған сайын бір сызыққа айналады, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет