Нуржігіт Алтынбеков 181
Міне, «Қайта өрлеу» деген ұғым осыны көрсетеді.
§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс Адам мәселесі - бүкіл философияның - сонау Конфуций, Будда, Сократтан
бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті философияның сұрағы болғаны
белгілі. Қайта өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Орта
ғасырдағы бұл мәселенің шешімі адамның қайшылыкты пенде екендігін ашуда болды:
бір жағынан, адам - жан дүниесі, рухы бар пенде ретінде әрқашанда аспанға ұмтылған,
баска тіршіліктен окшау тұрған Құдайға тұлға. Екінші жағынан, оның денесі бар, ол
оны жердегі қызықтарға құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, оны
күнәға батырады, тіпті кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам хайуанның
деңгейінен де төмен түсіп кетеді. Ал Қайта өрлеу дәуіріне келер болсақ, ондағы негізгі
жаңалық — ол адамның рухы мен жан дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүниесезімінің телегей-
теңіз тереңдігін анықтау болды.
Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін енгізген Джаноццо Манетти(1396-1459) болды.
Өзінің «Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде» деген еңбегінде ол Құдайдың
адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына токталып, сонымен қатар сол
жаратылған Дүниенін ең биік шыңы - ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы,
оның әсемдігі басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы,
әртүрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Егер
жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айналыса алса, адам барлығымен
айналыса алады. Рухани денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар
Құдайдың өзін өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай бүкіл Дүниені жаратса, адам өзін
жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады.
Сонымен адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың өзімен пара - парлығы - Қайта
өрлеу заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне айналды.
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшыл - ол Лоренцо