Нуржігіт Алтынбеков 187
кағидалар мен нормаларды тудырады. Сонымен Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет
адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешкандай қатысы
жоқ.
Н.Макиавеллидің адамға деген көзқарастарының ғажап жері ол тек жеке адамның
мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар адамдардың ортақ мүддесінің негізінде
әлеуметтік топқа айналу мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай
келіп, ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшелігі ондағы халық пен
басқару топтарының арасындағы күрестерден шығады» деген пікірге келеді. Сонымен
өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н.Макиавелли Құдайдың керектігін қажет
етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша,
христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті.
Католик дінінің қызметкерлері Папамен бірге жемқорлық жолына түсіп, халык
алдындағы абыройынан жұрдай болды.
Екінші жағынан, христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті, киелі
адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан бас тартқан адамдарды жұмаққа
өзінің батыл іс-әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде
барғысы келгендер деп есептейді. Соңынан XIX ғ. Ф.Ницше христиан дінінің моральдық
қағидаларын сынағанда, осы Н.Макиавеллидің идеяларына ұксас пікірлер айтады.
Ал мұның өзі Н.Макиавеллидің айтуына қарағанда, кертартпалыққа әкеледі. Ол
өткен Грек және Рим тарихында болған көп-құдайлыққа сүйсіне қарайды, өйткені
олар белсенді адамдарды, батырлықты паш еткен.
- Дегенмен қоғамға дін керек, өйткені езілген, зардап шеккен халық дін арқылы
өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе алады, мемлекеттік тәртіп
дінсіз мумкін емес, - деген ащы пікірге келіп тоқталады ұлы ойшыл.
Н.Макиавеллидің фортуна (сәттілік) ұғымының мән-мағнасы