Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет182/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
211 
Т.Гоббс дене жоқ жерде кеңістік те жок деген пікірге келеді. Кеңістік - әрқашанда 
нақтылы заттың, дененің көлемі. 
Уақыт та - қозғалып жатқан нақтылы заттардың өлшемі ғана. Ал Дүниеде болып 
жатқан таза ұзақтылықты ойшыл үзілді-кесілді теріске шығарады. 
Дүниедегі себептілікке тоқталатын болсак, Т.Гоббс «соңғы себеп», «формальды 
себеп» деген сияқты ұғымдарды теріске шығарып, тек қана материалдық және қозғаушы 
себептерді мойындайды. Бірақ осы жолда ол үлкен киындықтарға кез болады. 
Дүниедегі саны шексіз заттардың қозғалысының қайнар көзі қайдан шығады? Тек XVIII 
ғ. материалистері оны материяның ішкі қасиеті деп мойындады. Ал Т.Гоббсқа келер 
болсак, ол Декарт сияқты, Құдайды мойындауға мәжбүр болды, өйткені Ол - алғашқы 
Дүниені қозғаушы күш, ал содан кейін Дүние өз заңдылыктарының негізінде өмір сүре 
бастайды. 
Т.Гоббстың гносеологиясы (таным ілімі) тәжірибелік тұжырымынан шығады. 
«Алғашында туйсікте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ» деген 
сенсуализм қағидасын Т.Гоббс толығынан мойындайды. Бірақ ғылыми ұғымдарды жасау 
үшін сезімдік саты, деректерді білу жеткіліксіз, өйткені ғылыми ұғымдар ең жалпылық, 
қажеттілік деңгейіне көтерілуі керек. Т.Гоббстың ойынша, ондай дәрежеге 
математика ғылымы ғана көтеріле алады. Р.Декарттың «туа біткен идеяларына» 
қарсы шығып, ол оның қайнар көзін тілдің сөздерінен іздейді. Оның ойынша, ойлау 
тілмен тең. Сөздер арқылы біз ішкі ойымызды сыртка шығарып, басқа адамдарға 
жеткізе аламыз. Сонымен Х.Гоббс тілді белгі тұжырымдамасының шеңберінде 
түсінеді. Қайсыбір сөз - ол затқа қойылған ат (nomina) қана. Ол әр түрлі мағынаны 
көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамдар бір-бірімен түсінісе алмайды. Ал адамдар 
белгілі бір келісімге келіп, сол қойылған атқа, таңбаға нақтылы мазмұн беретін болса, 
сонда ғана ол белгіге айналып, соның негізінде адамдар бір-бірімен түсінісе алады. 
«Адамның ақыл-ойының сәулесі - ол көпмағыналықтан тазартылған, нақтылы 
анықтамасы бар сөздер», - дейді ұлы ойшыл. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет