Нуржігіт Алтынбеков 219
құнды ұғымдар математика саласынан шығады. Олар бір-бірімен байланысты,
жүйелі, сондықтан сезімдік танымға қарағанда анағұрлым биік дәрежеде. Егер
Б.Спинозаның ойынша, сезім заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен біз
заттың ішкі сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б.Спиноза өзінің «Этика» деген
еңбегінде «геометрикалық әдісті» пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген
ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.
Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-білудің үшінші түрі - ол
интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегеніміз - тікелей, сезім мен ақыл-ой
елегінен еткізбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкіл Дүниенің біртұтастығын тануға
мүмкіндік береді. Адам рухының шығармашылық касиетінің негізінде біз шынайы
аяқталған шексіздік идеясын ашамыз. Ол бізге интуиция аркылы ғана беріледі.
Тағы да бір ерекше атап кететін нәрсе - ол Б.Спинозаның таным теориясының
(гносеология) оның болмыс ілімімен (онтология) қосылып жатқанында. Оның себебі -
субстанция-табиғаттың ойлау қасиеті бар.
Адам, ерік және сезім қысымы ( аффект ) мәселелері Б.Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі, олай болса, ол
толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелді. Егер Дүниеде механикалық заңдылыктар
үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екінші ойлау қасиеті өзінің көрінісін
табады. Бірақ адамның дене кұрылысы толығынан табиғатқа бағынады. Сезімдік
идеяларда да адамның денелік, табиғи жақтары басым болады. Ал адамның жан
дүниесінің өзінен шығатын идеялар, егер олар сезімдік танымнан анағұрлым алшақ
болса, соншалықты айқын, таза, ақикатты. Оның ойынша, «дене жан-дүниені ойлауға
итере алмайды, ал жан да денені қозғалтып, иә болмаса тұрақтата алмайды». Яғни
субстанцияның бұл екі қасиеті бір-бірімен қатар өмір сүріп отырады.
Адамның жан дүниесінде бір-бірінен бөлек неше түрлі идеялар болғаннан
кейін, онда сүю, керек қылу, еріктікті аңсау сияқты күрделі кұбылыстар болуы
мүмкін емес дейді Б.Спиноза. Табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде адам бүкіл