Нуржігіт Алтынбеков 216
дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.
Табиғатпен теңелген Құдай сонымен катар субстанция ретінде қаралады. Егер
Р.Декарт Дүниенің негізінде екі бір-біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың
үстіндегі Құдай екеуін бір-бірімен үйлестіреді деген болса, Б.Спиноза Құдай мен
субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондыктан оның
метафизикалық-онтологиялық негізгі формуласы — ол Құдай, иә Субстанция, иә Табиғат, өйткені оның бәрі - бірегей. Табиғаттың өзі Құдаймен тең болғаннан кейін, онда «Жаратушы» жэне
«Жаратылған» деген діннің негізгі ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция, я
Табиғат, Б.Спинозаның ойынша, «өзіне-өзі себепті» (causa sui - латын сөзі, себеп
өзінде). Онымен бірегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерімен танылмайды.
Осыған орай, Б.Спиноза деизмнің де негізгі қағидаларын теріске шығарады, өйткені
ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы сатыдағы Дүниені жаратқан қызметін
мойындайды.
Табиғаттан жоғары Дүниені жаратқан Құдай болмағаннан кейін, Құдайдың өзі
Табиғатпен тең болған соң, ол екі ұғымды пайдаланады. Ол «тудыратын табиғат» (natura
naturans) жэне «туды-рылған табиғат» (natura naturata). Бірінші ұғым - ол интуитивтік ой
елегі арқылы түсінілетін табиғат. Екінші ұғым - ол сезімдік білім тудыратын бізді
қоршаған жеке заттар мен құбылыстар.
Б.Спиноза өзінің болмыс ілімінде Дүниенің бірлігіне аса көп көңіл бөледі. Оның
негізінде бөлінбейтін субстанция жатыр. Ол -шынайы шексіз, абсолютті ұзақтық.
Болмыстың екінші жағы - бір-бірінен бөлінген, сезім арқылы бізге берілген шектелген
жеке заттар мен құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бірінші екіншіні тудырады.
Егер субстанция мәңгілік болса, жеке заттар уақыт шеңберінен шыға алмайды, сол
шеңберде өзгереді, туады, құриды.
Б. Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған «модустары» ретінде
қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзін шектейді. Ал шектеу дегеннің өзі
- ол терістеу (determinatio est negatio). Нақтылы заттың шектелгені оны басқа