Нуржігіт Алтынбеков 218
Сезімдік танымның бұлдырлығы ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетіп
коймай, сонымен қатар оны өзінің денесіндегі өзгерістермен, әсіресе сезім
мүшелерімен байланыстырады.
Санадағы сезімдік бейнелердің бір-бірімен байланыстары кездейсоқ. Мысалы,
аттың ізін көрген әскери адам жақындап қалған жауды есіне елестетсе, қарапайым
шаруа соқа мен жыртылған жерді елестетеді, - дейді Б.Спиноза.
Бірақ сезімдік танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың
кайсыбірінде аз да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның «күн -
кішкентай зат және жерге өте жақын орналасқан», - деген жалған пікірінің өзінде
күннің өмір сүріп, бізге ықпалын тигізіп жатқаны жөнінде ақиқаттық пікір бар, -
дейді ұлы ойшыл.
— Күнбе-күнгі өмірден алатын сезімдік таным — қалың бұқараның негізгі
тәжірибесі, соның арқасында олар бір-бірімен карым-қатынасқа түсіп, өмір сүріп
жатады. Ақыл-ой аркылы алынатын білімнің шындығының өзін біз оқтын-октын
тәжірибе арқылы тексеріп отыруымыз кажет, - деп қорытады Б.Спиноза.
Абстрактілік білім де тәжірибеден шығады, өйткені адамдар дүниеден алған
тәжірибесін сөз аркылы корытады. Бірақ сөзге адамдар өзінің тәжірибесіне
сәйкес әртүрлі мағына береді. Сондықтан біреулерге адам - тік жүретін жануар,
екіншіге - күлетін пенде, ал үшіншіге, ол ойлай алатын тіршілік т.с.с. Сондықтан сөз
заттың кейбір ғана қасиеттерін белгілеуі мүмкін, яғни оның мағынасы затпен толық
тең емес. Ал схоластика мектебі универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) дүниемен
теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейді. Философия саласындағы көп дау-
дамайлар көбіне «ойды дұрыс көрсететін сөздерді қолданбағаннан, иә болмаса
басқаның айтқан сөздерін дұрыс түсінбегеннен туады», - дейді ұлы ойшыл.
Б.Спиноза нағыз шынайы білімге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, intellectus)
арқылы жетуге болады деген пікірде болды. Ақыл-ой арқылы сөздерді жалпы
ұғымдық дәрежеге көтеріп, оның мән-мағынасын айқьшдауға болады. Ғылымдағы ең