Монтескьенің философиялық көзқарастары
Шарль Луи де Монтескье (1689-1775 жж.) француз ақсүйектерінің семьясында
дүниеге келеді. Сол кездегі беделді оқу орындарында оқып, білім алады.
Негізгі еңбектері: «Персиялық хаттар», «Заңдардың рухы жөнінде»,
«Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауының себептері».
Өзінің ең алғашқы «Персиялық хаттар» атты еңбегінде Монтескье монархиялық
тәртіпті, ақсүйектердің дүние шашуын, діни қызметкерлердің екіжүзділігін айыптап,
сынға алады, оларды Шығыстағы «Азиаттық деспотиямен» салыстырады.
Әсіресе ол христиан дінін қатты сынайды. Христиан діні сүйіспеншілік діні болуға
тырысқанымен, өзінің тарихында талай-талай қақтығыс пен соғыстарды әкелді.
Христиандарда ақылға сыймайтын мәселелер көп: оларға үш бірмен тең, жеп отырған
нандары - нан емес, ішкен шараптары - шарап емес т.с.с. Бірақ ол христиан дінін
сынағанмен, Құдай идеясын толығынан теріске шығарған жоқ. Ол бұл мәселе
бойынша деистік көзқараста болды. Құдай өзінің құдіретті күшінің негізінде табиғатты
және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейін Ол табиғаттың әрі қарай өмір
сүруіне килікпейді. Екіншіден, ол дінге гуманистік-өмірлік бағыт бергісі келді.
Нуржігіт Алтынбеков
244
Мысалы, оның ойынша, егер Құдай дінді адамдарға ізгілік үшін берсе, онда
адамдардың осы Дүниедегі бақытқа ұмтылуы күнә емес. Егер Құдай адамдарды
сүйсе, онда адамдар да бір-бірін сүюі керек, бір-біріне бақытқа жету жолында
көмектесуі қажет.
Монтескье өз заманының күрделі мәселелерін терең түсіну үшін адамзат
тарихына үңіліп, «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауы жөнінде» деген еңбегін
жазады. Мұнда оның тарих философиясын байқаймыз. Ол тарихты діни жолмен түсіну
(христиандық провиденциализм), я болмаса оны нешетүрлі кездейсоқтық
уақиғалардың жиынтығы ретінде қараудан бас тартады. Оның ойынша, «әрбір
мемлекеттің өрлеуі мен құлдырауының, күшеюі мен әлсіреуінің жалпы рухани және
физикалық себептері бар».
Көне замандағы Римдіктердің өрлеп, күшеюін Монтескье
азаматтық
құндылықтардан, адамдардың өздерінің жеке мүдделерінен гөрі қоғамның жалпы
мүддесін жоғары қойып, соны жан-тәнін салып қорғауға тырысқанынан көреді. Ал
мұндай патриоттық, азаматтың құндылықтардың өзі саяси бостандықтың,
республикалық басқару жүйесінің болуымен байланысты.
Монтескьенің «Заңдардың рухы жөнінде» деген еңбегінде ойшылдың
әлеуметтік-философиялық көзқарастарын байқаймыз. Қоғамның өмір сүруі мен
дамуын Монтескье заңдардың сапалығымен байланыстырады. Егер белгілі бір
қоғамның ерекшелігін түсінгіңіз келсе, онда сол елдегі қабылданған заңдарды
зерттеңіз. Қоғам жөніндегі мұндай түсінікті жүре келе ғалымдар «заңдық көзқарас»
деп атап кетті.
Монтескье қоғамдағы заңдарды екіге бөледі. Біріншіден, ол «табиғи заңдар», олар
адамның биологиялық табиғатынан шығады. Екіншіден, әлеуметтік заңдар.
Табиғи заңдардың негізгісі - өмір сүру, ол үшін азық табу керек. Егер Т.Гоббс ол
үшін адамдар тартысқа түсіп, «бәрі бәріне қарсы соғысады деген болса, Монтескье,
керісінше, жалғыз адам әлсіз болғандыктан баскалардан көмек іздейді, басқалармен
бейбіт өмір сүруге тырысады деген пікірге келеді. Сонымен біз Монтескьенің адам
|