Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет212/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
245 
алғашқы сатысынан бастап, әлеуметтік пенде болды деген ойда болғанын көреміз. 
Қоғам өміріндегі қайшылықтардың пайда болуының негізінде адамның 
басқалардың есебінен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның өзі адамдардың қарым-
катынасын заңмен ретке келтіру керектігін туғызып, дүниеге мемлекет келеді. 
Монтескье құктың үш түрін анықтайды. Бірінші, халықаралық құқтар - мемлекет, 
халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіреді. 
Екінші, саяси құқтар - мемлекеттегі басшылар мен халықтың арасындағы 
қатынастарды ретке келтіреді. 
Үшінші, азаматтық қүқтар - адамдардың өзара қатынастарын ретке келтіреді. 
Монтескье мемлекетті басқарудың үш түрін анықтайды. Олар республика, 
монархия және деспотия. 
Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның өзі елді 
бақытсыздыққа әкеліп, неше түрлі зорлық-зомбылыкка жол береді. 
Республикалык басқару саяси заңмен бекітілген бостандыктардың негізінде іске 
асады. 
Монархиялык басқару жүйесі жоғарыда көрсетілген басқарулардың екі ортасында 
орналасқан. 
Монтескьенің саяси философиясындағы жасалған және бүгінгі таңға дейін өзекті 
жаңалығы - ол мемлекет билігін бөлу идеясы. 
Шынайы саяси бостандық болу үшін республика, я болмаса монархия басқару 
жүйесінде заң беру, атқару және сот биліктері бір-бірінен бөлінуі қажет. 
- Ал енді «заңдардың рухына» келер болсақ, олардың әрбір елдердегі 
ерекшеліктері көп жағдайлармен байланысты. Олар: жердің құнарлығы, ауа райы
таулы-жазықтығы, әдет-ғұрыптар, діни сезімдер, халықтың саны мен материалдық 
хал-ахуалы, заң берушілердің мақсаты, саяси биліктің, елдегі жалпы тәртіптің 
көріністерімен байланысты, - деп қорытады ұлы ойшыл. 
Мұндай көзқарасты әдебиетте «географиялық детерминизм» (себептілік) деп 
айтады. Өйткені жоғарыда көрсетілген жағдайлардың ішіндегі негізгілері деп, ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет