Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет234/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
271 
Бұл идеяларды философиялық жолмен негіздеу үшін И.Фихте субъективтік 
идеалистік философия жолына түсіп, өзінің тамаша ойларын дүниеге әкеледі. 
И.Фихтенің философиясын терең түсіне алмаған замандастары ол жөнінде неше 
түрлі аныздар қалдырған. Солардың бірі: Фихте өзінің зайыбымен театрға келгенде
әйелдер бір-біріне сыбырлап: «Фихте мырза, бізді айтпағанның өзінде, өз әйелін 
басындағы қиялы ғана деп есептей ме екен», - деп күлген екен. 
Неміс халқын азат ету жолында Фихте соғысқа өз еркімен кетіп, сүзек ауруынан 
1814 ж. қайтыс болады. 
Негізгі еңбектері: «Ғалымның міндеті», «Ғылым жөніндегі ілім», «Неміс 
ұлтына арналған сөздер» т.с.с. 
Адамның еріктілігін, оның моральдық іс-әрекетін негіздеу жолында Фихте 
тұлғаның рухани белсенділігін көрсетеді, ал оның өзі бүкіл Дүниенің негізін құрайтын 
рухани үлкен күштің жалғасы ретінде түсіндіріледі. 
Фихтенің ойынша, Дүниенің бастауы «Үлкен Менге» барып тіреледі. Ол - 
ешқандай шектелмеген, таза, қайсыбір сезімдіктен жоғары белсенділік, еріктік, іс-
әрекеттік, өзін-өзі толығынан танып-білуге ұмтылған, өзінің себебі өзіндегі рух. 
Сондықтан ол Дүниені өз ішінен жарата алады. 
Фихтенің ойынша, Дүниенің өмір сүруінің үш негізі мынандай: 
1. Алғашында орасан зор тебіреніс арқылы «Үлкен Мен» өз-өзін анықтап «Мен - 
Менмін» деген дәрежеге келеді. 
2. Келесі сатыда «Мен» өзінен «Мен еместі» тудырып, өзіне карсы қояды. «Мен 
емес» өз ішінде «кіші Мен» (оның санасы бар) мен бірге табиғатты (оның санасы 
жоқ) камтиды. Сонымен «кіші Мен» - ол тарихта өмір сүріп жатқан тұлғалар - тірі 
адамдар. 
3. Соңғы сатыда шексіз «Үлкен Мен» мен өзі тудырған «Мен еместің» арасында, 
бір жағынан, шексіздікке бағытталған, екінші жағынан, шектелген диалектикалык 
байланыстар пайда болады. 
Сонымен қатар «Мен еместің» өз ішінде адам (кіші Мен) мен Табиғаттың арасында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет