Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет235/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
272 
«кіші Меннің» белсенділігі, оның қоршаған ортаны, қол астындағы болмысты өзгерту, 
«Үлкен Менге» қарай ұмтылу, соған қосылу іңкәрінің негізінде күрделі байланыстар 
пайда болады. 
Фихтенің ойынша, «Мен еместің» ішіндегі құрамдас бөлік -табиғат - өз-өзіне 
жеткілікті, дербес емес, ол тек қана объект, зат, кедергі. Оны субъект - «кіші Мен» әр 
қашанда іс-әрекет арқылы бұзып, игеріп, өзін-өзі толықтырып, «Үлкен Менге» 
жақындай түседі. Алайда «кіші Мен» мен «Үлкен Мен» бір-біріне толық ұласып 
кетпейді: ондай жағдай болғанда ешқандай іс-әрекет қажет болмай қалар еді. 
Сондықтан бүкіл адамзат тарихы - «Үлкен Менге» - Дүниежүзілік рухка өне бойы 
шексіз жақындау. 
Сонымен «Үлкен Мен» Дүниедегі барлық субъектілер мен объектілерді жаратады. 
Оның барлық тірі адамдардың санасына қарым-қатынасы бар, бірақ ол өзі шексіз 
болғаннан кейін, нақтылы тұлға бола алмайды. 
Ал енді адамның тұлғалық өзіндік санасына келер болсақ, ол тек қана өзінің «мен 
еместен», яғни табиғаттан айырмашылығын түсіне келе ғана пайда болады. Олай 
болса, субъектісіз объект жоқ, объектсіз субъект жок. Олардың өзара байланысында, 
әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштері, шығармашылық іс-
әрекеттері айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағышталған. Өзінің ішкі 
мүмкіндіктерін сыртка шығарып қана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке 
жетеді. 
Материалдық дүниені - Табиғатты игеру тарихы, Фихтенің ойынша, адамзат 
мәдениетінің калыптасып дамуымен тең. Осы процесте адам тек қана табиғатты 
игеріп қана коймай, сонымен қатар өзінің табиғи негіздерін де жетілдіру керек, сонда 
ғана ол бақытқа жетеді. Осы арада біз Фихтенің тарих философиясына жақындап 
қалдық. 
Тарих философиясы 
Тарих мәселелерін Фихте идеалистік мақсатқа лайықтылык, жолмен шешеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет