Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет237/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
274 
дүниеге келіп, мемлекет, құк, шіркеу деген құбылыстар келмеске кетеді, - деп 
қорытады ұлы ойшыл. 
Шамасы, Фихтенің бұл ойлары К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзкарастарына зор 
әсерін тигізген болуы керек, өйткені олар адамзат тарихындағы болашак коммунистік 
қоғамда да дін, құқ мемлекет деген нәрселер «жаңа адамға» қажет болмай қалады деп 
болжаған болатын. 
Фихтенің екінші - жоғарыдан ұйымдасқан «жоспарлы экономиканы» жасау, 
адамдардың білім алуға және енбекке деген құқын қамтамасыз ету, сырткы басқа 
елдермен сауда-саттықты жасауды толығынан мемлекетке беру идеялары да күмән 
туғызбаса керек. 
Әсіресе, қазіргі өтпелі қоғамдағы үлкен киындықтарды жеңу жолында, Фихтенің 
кейбір ойларын жандандыратын ахуал қалыптасып жатыр. Біз қоғамды жанарту 
жолында бүкіладамзаттық қауымның бір бөлігі ретінде «ашық қоғам» болуымыз керек 
деген тұжырымға жармасып, елдегі көп өндірістер шетелдерден келген тауарлардың 
кысымына шыдай алмай, тоқтап қалды. Екінші жағынан алғанда, бүкіл сырткы 
экономикалык байланыстарды өз кұзырына алған бұрынғы Кеңес мемлекетінін 
өндірісті қандай тұйықтыққа әкелгенін жакын тарихтан жақсы білеміз. 
Сонымен қатар «ашық қоғамға» деген ұмтылыс бізді тағы да бодандықтың 
астыртын түріне, трансұлттық корпорациялардын билеп-төстеуіне әкеліп сокпас па 
екен? - деген күдік тағы да бар. Бұл мәселелер оқырманның өз ойын тудырып, қазіргі 
тұйыктықтан шығатын жолды табуға өз үлесін қосар ма екен деген үміттеміз. 
Дінге қарай бетбұрыс 
Фихтенің субъективті-идеалистік философиясы соңында бірте-бірте діни 
философияға қарай жылжи бастайды. Егер алғашқы шығармашылық сатысында 
онтологиялык (болмыстық) маңызы бар «Үлкен Мен» мәңгілік «Ерік», шығармашылық 
«өмір» ретінде түсіндірілген болса, келесі сатыда ол болмыстың адам аркылы өз-өзін 
танитыны жөніндегі ойларды козғайды. Гегельдің философиялық жүйесі осы соңғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет