Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет253/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
290 
ешкім тудырған жоқ, ол мәңгілік өмір сүреді. Табиғат пен қоғамнан тыс ешкім және еш 
нәрсе жок. Табиғатта ақыл-ой жоқ, ол адам аркылы ғана ақыл-ойға ие болады. Адам 
аркылы ғана ол өзін-өзі түсіну дәрежесіне көтеріледі. Тек адам ғана өзінің іс-әрекет 
жасау негізінде табиғатты кайта өзгертіп, өзінің санасын табиғатқа таңады. 
Олай болса, рух дегеніміз - ол тірі пенде, адамның қасиеті, ойлау мүшесі - ми 
адамның денесіне жатады. Сондықтан адамды Құдай жаратты деген жалған аңыз 
Құдайдың өзін адам тудырды деген шынайы білімге негізделген қағидаға 
ауыстырылуы керек. 
Осы максатты өз алдына қойып, оны өмірге енгізу жолында Фейербах қажымай-
талмай, батыл жұмыс жасады. Оның ойынша, қалың бұқараның Құдайға сенуінің
кайнар көзі адамның жан дүниесінің құпияларында жатыр. Солардын ішіндегі
ең негізгілерінің біреуі - адамның табиғаттың орасан зор күштерінен қорқып, соларға
тәуелді болуы. «Үрей құдайларды тудырды. Барлығын билеп-төстейтін бұл 
үрейдің өзін кім тудырды? Оны тудырған тірі пенденің бақытқа деген ұмтылысы», 
деп корытады ол. Қаһарлы я болмаса мейірбанды құдайлар адамдардың
кұмартуының тұңғиығы мен шытырман кажеттіктерінен шығады. Сонымен 
адамдардың сан алуан мұқтаждықтары мен содан шығатын тілектері - діннің 
дүниеге келуінің әкесі. Ал сонда оның шешесі кім? Фейербахтың ойынша, ол 
адамның бакытқа деген іңкәрінен шығатын қиялдары, яғни таным процесіндегі 
киындықтарда жатыр. «Адамның надандығының түбі және қиялының шегі
жоқ. Надандықтың арқасында өзінің негізінен айырылған табиғат күштері 
шексіз қиялдауға қосылып, Құдіретті Құдайды тудырады». Сонымен қатар
Фейербах діннің психологиялық түп-тамырына да терең мінездеме береді. Ол - 
адамның өлместікке деген іңкәрі, соның себебінде қайсыбір діннің «о дүние» 
жөніндегі ғажап қағидасына сенуі. «Адам өзінің өмірінің соңдығын, әлсіздігін, 
шектелгенін басқа еш нәрсеге қарағанда өлімнен кашып құтыла алмайтындығынан
ең терең сезініп тебіренеді», деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен дін дегеніміз - 
кұпияландырылған киялдың жемісі болып шықты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет