Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет249/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
286 
сараптап шықты. Соның ішінде ол алғашқы рет диалектиканың үш негізгі заңын 
ашып, сонымен қатар барлық парлық категорияларды белгілі бір жүйеге келтіріп, 
олардың өзара бір-біріне өтетіндігін, ішкі байланыстарын көрсете білді. Сонымен 
қатар Гегель адамнын дүниетанымын терең зерттеп, оның да диалектикалық жолмен 
жүретінін көрсетті. 
Гегельдің ойынша, адамдар өздерінің күнбе-күнгі өмірінде ақыл-ой арқылы 
заттар мен құбылыстарды талдап, олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтайды. 
Тікелей заттарды аңдауға қарағанда, ақыл-ой оларды бір-бірінен абстракциялау 
арқылы бөліп алып қарайды. Ол - шынайы адамдардың күнбе-кунгі өмірінде де, 
таныш процесінде де қажетті нәрсе. Мысалы, коғам өміріндегі адамдардын өзара 
байланыстары мен іс-әрекеттері жемісті болуы үшін, олардың алдына қойған 
мақсаттары айқын да анықталған болуы керек. Немістің ұлы ойшылы Гете 
айткандай, ұлылыққа жеткің келсе, өзіңді-өзің шектей біл. Кімде-кім бәріне жеткісі 
келсе ол оның, шынында да, ештеңеге құштарлығының жоқ екенін керсетеді. 
Өнер саласына келер болсак, ондағы ұлы туындылардың да құлдылығы 
әсемдіктің айқын да айрықша бітімін көрсетуде болса керек. Қайсыбір ғылым 
саласында, тіпті философияның өзінде де, ойлау процесінде қолданылатын ұғымдар 
айқын, сонымен катар тұрақты мағыналы болуы қажет. Егер олар бұлдыр және 
тұраксыз болатын болса, онда біз ешқандай нәтижеге жете алмай, бір-бірімізді 
түсінуден қаламыз. Енді сол біздің жан-дүниемізде бейнеленетін Дүниенің өзін алып 
карасақ, онда да біз заттардың өзгеруімен қатар белгілі бір жағдайдағы тұрақтылығын 
байқаймыз. 
Алайда біз осы ұғымдардың тұрақтылығын шегіне шейін жеткізсек, онда олар 
өзінің қарама-қарсылығына айналып, абстрактылык ойлауды тудырады. Гегельдің 
ойынша, ол қуыс кеуделікті, мәселеге үстірт қарауды туғызады. Мысалы, дарға асуға 
қылмыскерді әкеле жатыр. Оны қарапайым жұрт тек қылмыскер ретінде қарауда. Бірақ 
кейбір әйелдер оған қарап: «Ол кандай сұлу, қайратты, тартымды еді», - деп қалуы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет