Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет252/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
289 
қайсыбір идеализм, соның ішінде Гегельдің философиялық жүйесі де - дүниеге деген 
нэзіктелген діни көзқарас. Табиғаттың алдында өмір сүріп жатқан логикалық 
категориялар жөніндегі Гегельдің ілімі басқаша сөздермен айтылған Дүниені 
Жаратушы идеясы. Ойлауға қабілеті бар пенделерден басқа материядан тыс өмір 
сүріп жатқан таза ойлау еш жерде жок. Материя рухтан шықпайды, керісінше, материя 
рухты тудырады. Адамның ойлау қабілеті - ол кандай ғажап болса да -мидың 
қызметінен туады. «Табиғат тек кана асқазан шеберханасын жасап қана қоймай, 
сонымен қатар мидың әсем сарайын орнатты. Табиғат рухтың, бейсаналық 
саналықтың, беймақсаттык максаттылыктың алдында өмір сүреді». Фейербахтың 
ойынша, рух дегеніміз - ол іс-әрекеттегі адамның қабілеті, қасиеті. Денеден бөліп 
алып, адамның шектелген және соңы бар өмірінен босатып қаралған рух Құдайға 
айналады. Мән дегеніміз - ол ұғым ғана, оны адамның денесін кұрастыратын 
сүйектерімен салыстыруға болады. Бірақ тірі адамның денесі, еті мен каны да бар. Бірақ 
Гегельдің философиясы тек өлімтікті жеп қоректенетін қорқау сияқты, Дүниенің 
каңқасымен ғана қанағаттанады. 
Олай болса, философия өзінің қайнар көзін болмыс ұғымынан емес, нақ 
болмыстың өзінен бастауы кажет. Онда біз заңды түрде жалпылықтан емес, 
жалқылықтан бүкіл философиялык ұғымдарды шығаруымыз керек. Өйткені кайсыбір 
болмыс - ол нақтылы болмыс - дүниеде болып жатқан «бірдеңе», «мынау», «анау». 
Болмыс жалқылық пен жекеліктен тұрса, ойлау - жалпылықты тудырады. 
Таным мәселесін қарай келе, Фейербах агностицизмді қатты сынға алады. Оның 
ойынша, түйсіктер бізді Дүниеден алшақтатпайды, керісінше, бізді онымен 
байланыстырады. Ол - сыртқы Дүниенің бейнесі. Бүл жерде ол діни терминді 
колданып, оны «Евангелие» (яғни «Ізгі хабар») ретінде түсінеді. Түйсіктер арқылы біз 
Дүние жөнінде хабардар боламыз. 
Фейербах Дүниенің көптүрлілігін мойындайды. Материяның емір сүру формасы - 
ол қозғалыс, ал ол кажетті түрде кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, олар 
болмыстың өмір сүруінің негізгі жағдайлары. Табиғаттың өзінің себебі өзінде, оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет