Нуржігіт Алтынбеков 342
сыйлаған.
Сонымен қатар көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған Әйел Құдай - Ұмай болды. Ол үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың
сүйеушісі, содан кейін өнердің қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген
құдайы сәйкес келеді. Кейбір ғалымдар Ұмайды ежелгі Үнді кұдайы Ұмамен
салыстырады, ол да Ұмай сияқты міндеттерді атқарған. Ұмай деген сөздің өзі «бала
орны», «ана құрсағы» сияқты ұғымдарға сай келеді. Тұқым тарату Құдайы болып
табылатынҰмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса маңызды рөл
атқарады. Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түрік ескерткішінде былай
деп жазылған: «20 жасымда мен еліммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлік
даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менің сүрген өмірім! Мен сендерді тастап
кетіп барамын, туыстарым». Жас жігіт майдан даласында өліп бара жатып, өзінің осы
өмірдегі соңғы сәтінде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзі өсіре алмаған
кішкене балалар алдындағы кінәсін, туысқандарының артқан үмітін ақтай алмағанын
айтады. Мұның өзі туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадір-
қасиетінің зор маңыздылығын көрсетеді.
Аңшылар мен малшылар әлемін әрқилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап,
әртүрлі заттар мен өсімдіктерге, жануарлар құдіретіне Тәңірдей сиыну елеулі орын
алған. Түріктер өзінің тотемі ретінде әсіресе қасқырды ең жоғары орынға койған.
Бұл аңның тотемдік сипаты өз көрінісін түрік қағандарының патшалық рәміздерінен
тапты: олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың
жеке корғаушыларын «бөрілер» деп атаған.
Бұл жануардың көне түріктердің негізгі тотеміне айналу себебі сол
көшпенділік өмір салтына байланысты болса керек. Өйткені қасқыр жыртқыш аң
ретінде малшылардың бақкан табынынан онша алыстамаған, үйірдегі әлсіреген,
ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, кырағылыкты
талап еткен. Кім біледі, біздің арғы бабаларымыздың «сақ» деген атының өзі осындай