Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет308/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
351 
Мінез-құлқы қыз сияқты,
Сүйіндіреді, бірақ колын бермейді.
Сүюшіні сүймейді, киік сияқты қашады.
Қашқанға жабысады, аяғын құшады...». 
Жоғарыдағы көрсетілген ұлы бабамыздың ойлары бүгінгі өзгерістегі Қазақстан 
коғамына өзінің өзектілігімен пайдалы. Оны әрбір азамат білуі қажет. 
Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың біріне Махмуд Қашқариді
 
(XI ғ.) жатқызуға 
болады. Негізгі еңбегі - Диуани лұғат ат-түрік (Түркі сөздерінің жинағы). Бұл - 
қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектен біз сол кездегі түркі 
тайпаларының тілдері мен жалпы мәдениетінің деңгейін ғана емес, сонымен қатар, 
олардың қоғамдық-эқономиқалық, әлеуметтік жағдайын, көне тарихы мен әдет-
ғұрыптары жөнінде сан алуан мәліметтер аламыз. «Диуанида» 200-ден астам елең,
300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады
ондағы көптеген жырлар өте ертеде өмірге келгенін аңғару киын емес. Тіл 
ғалымдарының айтуына қарағанда, «Диуанидағы» 875 сөз бен 60-қа жуық мақал-мәтел
қазақ тілінде қазіргі өмірде сол қалпында қолданылады екен. Кейбіреулерін 
келтірейік: «Жанжал шықса, ағайын ақылдасар, Жау келсе, ел тебіренер». 
«Бақыт белгісі білім мен ақыл», «Әдептің басы - тіл». «Күздің келетіні жаздан-
ақ белгілі», «Ұлық болсаң, кішік бол», «Батыр майданда, ғалым әңгімеде
сыналар», «Кеңесті іс келісе береді, кеңессіз іс кері кетеді» т.с.с. 
М.Қашқари түркі халықтарын бірлікке, өз халқын сүюге, халықтың бостандығы 
үшін жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды. 
«Қаһарланып атылдын, 
Арыстандай ақырдым. 
Батырын жерге батырдым, 
Енді мені кім ұстар. 
Есінен дүшпан ауысты. 


Нуржігіт Алтынбеков 
352 
Басар жолын тауысты. 
Ажалменен қауышты, 
Сөзге аузы келместен». 
Қорыта келе, М.Қашқаридің шығармалары көне түрік тайпаларының дүниесезімі 
мен дүниетанымымен таныстыратын бірден-бір құнды құжат екенін айтып кетуді жөн 
көрдік. 
XII ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекиді ( Әдіб-
Ахмед Махмуд Жүйнеки ) жатқызуға болады. Ол жөнінде «...ақындардың ақыны, 
даналардың көш басы, гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады», - деген өлең 
сөздер қалғаи. Негізгі еңбегі - «Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерілген негізгі 
мәселе - ол адам өмірінің мәні. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп 
көніл бөледі. Адам - саналы түрде іс-әрекет жасай алатын пенде, ал оның санасын, 
рухын дамытатын - білім. Ойшыл ол жөнінде: 
«Білімдар «істі біліп, бекін!» - дейді, 
Ақылмен іс істеген өкінбейді. 
Білмеген талай жұмыс істеп жүріп, 
Амал жоқ, түбінде сол опық жейді». 
А.Жүйнекидің ойынша, «білімсіз - тірі өлік». Оны ол мынандай шумақпен 
қорытады: 
«Сүйекте жілік болар, ерде - білік, 
Ақыл ғой ердің көркі, етте - жілік. 
Жіліксіз ет секілді білімсіздік, 
Қол созбас сүйексізге бұл тіршілік». 
Ғұлама ақын адамның бақытты болуы білімге, ал бақытсыздық қараңғылыққа, 
надандыққа байланысты деп ұғынды. 
«Кедейдің кертіп жейтін малы білім, 
Білімнің жоқ-жітікке берері мол». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет