Нуржігіт Алтынбеков 408
кең тараған-«менмендік», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бірліктің
жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шенді қуып, патша қызметшісінің жарқыраған
түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау,
пара алу сияқты жоғарыдағылардың теріс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ
жол., 213-6.). Ол зиялыларды халық мүддесіне жан аямай, ізгі ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзілік цивилизацияның қол жеткізген
ғылым мен техника жетістіктерін игеріп және оларды мыңдаған жылдар бойы
жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесімді ұштастыруы керек. Бұл үндеу
бүгінгі күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.
Патша үкіметінің отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз
жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздігін (идентифиқация) жоғалту қаупін тудыруын байқап, оғақ барлық жан-тәнімен қарсы тұрды, халықтың ана тілі
мен руханиятын дамытуға барынша атсалысты.
Сонымен қатар ол екінші қауіпті да көре білді. Ол қауіп қоғам жүйелі түрде
түбегейлі өзгерістерге түскен кезде, Жаңа дәуірдің қойған талаптарынан жасқанған
ұлттық сана-сезім өзін сақтап қалуды автаркиалық (өзіне-өзі жеткілікті) бағыттан
көруге тырысуы, сол себепті өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуі, оны асыра
бағалауы.
Кеңестік дәуірдегі отандық философия Кеңес дәуірінің бастапқы кезіндегі ахуалды біз жоғарыда әңгіме еткен
болатынбыз. Әрине, кеңес заманын сынаржақты бағалауға болмайды. Көп нәрсені
жоғалтқанымызбен бірге жетістіктеріміз де аз болған жоқ. сіресе 50-ші жылдардың
аяғынан бастап, жеке тұлғаға табыну әшкереленгеннен кейін, қоғамның өрлеуі
басталды. Қазақстандағы тың игеру үрдісі елді көп ұлттық қоғамға келді. Жер байлығы
игеріліп, жаңа қалалар, жоғары оқу орындары, театрлар мен кітапханалар, мұражайлар
бой көтерді.
Философия саласына келер болсақ, Қазақ Мемлекеттік университетінде арнаулы