Нуржігіт Алтынбеков 420
жолындағы өрлеуін тездеткен жоқ, тіпті, керісінше, оны тоқыратып тастағандай
болды. Бір жағынан, жер бетінде өмірдің қызығына тоймай, күнбе-күнгі өмірден
ләззат іздеген дамыған елдердегі «алтын миллиард»,екінші жағынан, күнбе-күн
аштықтың зардабын көрген тағы да «миллиард», ал ол екеуінің ортасында
аласапыран қиындықтарды басынан өткізіп, жақсы өмірге ұмтылыл жатқан кедей
елдердегі адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бүгінгі таңда XX ғ. орта кезеңінде
пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөніндегі идеялар біршама сөніп,
ғасырдың аяғына қарай дессимистік антисциентистік дүниесезім бой алып келе
жатқан секілді. Ал енді XX ғасырдың рухани мәдениетіне тоқталсақ, ол да кеше түрлі
шытырман қайшылықтарға толы. Бір жағынан, орасан зор ғылыми жетістіктер,
мәдениет кұндылықтарын миллиондаған данамен басып, халыққа тарату
мүмкіншіліктерінің өсуі т.с.с., екінші жағынан, адамның техника, өлі байлық, дене
ләззатының құлына айналуы. Бір жағынан, XX ғ. бүкіл адамзат тарихының беттерінде
сирек кездесетін ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди
т.с.с. өмір сүрсе, екінші жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с.
залымдарды дүниеге әкелді.Бүгінгі адамзатқа керекті нәрсе - жер бетіндегі ғарыштың
әсем гүлі - өмірді сақтап қалу, ғылымның жетістіктерін адамгершілікпен ұштастырып,
жаңа жағдайда «мәңгі сұрақ» - адамның өмірінің мән-мағынасы мен не үшін жаратылғанына - жаңа шешім іздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бір-
бірін толықтыруы, өзара бір-бірін ақтауы, көмектесуі қажет сияқты.Әрине, мұндай
талдауларды әрі қарай жалғастыра беруге болар еді.Бірақ жоғарыда көрсетілген
сиппатамалар XX ғ. пайда болған философияның ағымдарын жете түсінуге
мүмкіншілік береді деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп
философиялық ағымдардың негізгілерін талдауға көшейік.