Нуржігіт Алтынбеков 423
сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейінгі беделді механистік классикалық
физиканың негізгі қағидаларына үлкен сокқы жасады. Электрон бөлшегінің тұрақты
салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елінің сол кездегі ірі
математик-ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса материя жойылды», -деген пікірге келді.
А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыттың бір-біріне өтіп,
біртұтастық дәрежеге келуін қалай түсінуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға
болар еді. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнің екінші сатысы дүниеге
келеді. Оның аты «эмпириокритицизм»,яғни тәжірибені сынға алу деген мағына
береді. Негізгі өкілдері - Эрнст Мах (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с. Жоғарыда көрсетілген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжірибе»
дсген ұғымды қайта қарауға әкеледі. Олардын ойынша, бұл ұғым материя мен сананың,
физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжірибенің құрамдас
бөліктерін алып қарасақ, онын физикалық және психикалық элементтерден тұратынын
байқаймыз, Егер біріншісі - сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсететін болса, екіншісі -
ішкіні көрсетеді. Ал элемент дегеніміздің өзі, нақтылай келгенде, адамның түйсіктері
болып шықты. Олай болса, олар субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ деген пікірге келеді. Мұны олар танымдағы «принципиалдық сәйкестік» деп атады.
Әрине, субъект, яғни танымдық қабілеті бар адам бар жерде - объект, яғни
танылатын айнад қоршаған дуние бар. Нағыз ақиқаттың өзі адамның жан
дүниесіңе,өтіп, оның неше турлі тебіреністерін туғызып, адамның осы дүниені
телегей-теңіз ретінде қараса, соның бір тамшысы ретіңде сезінгенде ғана пайда болса
керек. Сонынен қатар танымның будда жақтарын абсолюттеп шегіне жеткізсек, әрине,
субъективтік идеализм жолына түсіп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде
мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын.
Эмпириокритицизмнің негізгі қағидаларының бірі - «ойлаудын тиімділігі» мен
ғылымда тек суреттеу идеалына жету. «Ойлау тиімділігін олар организмнің өз-