Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет357/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
418 
XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия 
Кіріспе сөз 
Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп
тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы 
терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз 
жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр 
қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. 
Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз. 
XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта 
өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді. Изиданың жапқышының үстіндегі «Мен 
- Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелі пенде менің 
жапқышымның етегін ешқашайда көтере алмайды», - деп жазған сөздерді адамзат XX 
ғасырда теріске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары 
ашылып, адам игілігіне жұмсала бастады. Мысалы, бүгінгі Францияда қоғамға қажет 
электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар береді! Бүгінгі адам ми 
далада жүріп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмір 
сүріп жатқан жолдасымен, я болмаса әріптесімен сөйлесе алады, компьютер арқылы 
неше түрлі ақпаратты қабылдап, өзінің білімін өсіріп, өмірде пайдаланады. 
Лондонның «Хитроу» аэропортынан «Конкорд» деген дыбыстан да жүйрік ұшаққа 
мініп, бірнеше сағаттан кейін жердің ана жақ бетіндегі «Кеннеди» атындағы 
әуежайға қонып, АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады! Бүгінгі таңда ғарыштағы жасанды 
серіктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерін анықтап, сол жерге кемелерді 
жібереді, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа райы жөнінде 
мәлімет беріп, т.с.с. ақпараттар жеткізеді. XX ғасырда жасалып, бүгінгі миллиардтаған 
адамдардың өміріне кеңінен кірген заттардың ішінен машиналар мен ұшақтарды, 
неше түрлі байланыс жүйелерін, радио мен телевидениені, компьютерлерді, жасанды 
материалдарды т.с.с. атап кетуге болар еді. Бұлардың бәрі де тек XX ғасырда пайда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет