Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет363/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
424 
өзін сақтау үшін биологиялық қажеттіктерді өтеу жолындағы бейімделуінен
шығарады. Ғылымдағы ойлау тиімділігі «субстанция», «себептілік», «алғашқы негіз» 
т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етеді», -дейді олар. Олардың 
орнына ғылымдағы ашылған элементтердің өзара байланыстарын суреттесе 
болғаны. Сол кездегі ғылымдағы ашылған күрделі жаңалықтарға философиялық-
методологиялық тұрғыдан түсінік бере алмаса да, олар XX ғ. басында басталған 
ғылыми төңкеріске ғылыми қауымдастықтың көңілін аударды. 
Енді, міне, біз XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болған позитивизмнің үшінші 
сатысы - неопозитивизмнің өзіне келіп тірелдік. Негізгі өкілдері - Мориц Шлик (1882-
1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), 
Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с.
Неопозитивизм өкілдері белгілі бір толыққанды философиялық мектепті, 
ағынды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен
салыстырғандағы ерекше дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы
бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек 
те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы
батпағына батып, жалған тексерілмейтін ұғымдардын ішінен шыға алмай қалды.
мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды.
Объективті дүниенін өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана
сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар 
Б.Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны
математиқалық логиқа тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай
болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды
логиқалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады. Осы логиқалық 
позитивизмнің келесі өкілін Р.Карнапты алатын болсақ, ол схематикалық логиқа 
арқылы білімдегі негізгі ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. 
Ал оның негізгі құралы - верификация принципі. Тікелей верификацияға келер болсақ, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет