Нуржігіт Алтынбеков 437
ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетіп, сонымен қатар оның
қайталанбайтын, өмірге бір-ақ рет келген ішкі өзегін - өмірдің өзін—танып-біле
алмайды.
А.Бергсон адамның интеллектінен басқа да таным кұралының бар екенін
мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегеніміз - ол затқа деген сүйіспеншіліктің
негізінде оның ішкі, интеллектіге ашылмайтын жағына өтіп, оның өмірлік өзегін сезіну болып табылады. Интуиция дегеніміз - рухтың алғашқы негізі. Ол -өмірдің
өзі. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен
интеллектіге бөлінеді. Сол сәтте инстинкт өзіндік санасынан, интеллект заттың ішкі
сырын ашу қабілетінен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектіге
бағынышты. Алайда кейбір «шекаралық жағдайда», адамның өміріне қауіптенген, я
болмаса оның басына «тағдырлық» ахуал келген кезде, интуиция интеллектінің
құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетіп, оның ғарыштағы орны мен
тағдырын анықтауға көмектеседі.
Адам - шығармашылық пенде, өйткені «өмірлік талпыныс» оның ішінен өтеді.
Алайда өмірді терең сезіну интуициясы - тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе.
Сонымен А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнінде элитарлық көзқарас
ұстайды.
А.Бергсонның әлеуметтік философиясына келер болсақ, ол адамның өмір
сүруінің екі түрін мойындайды. Көп жағдайда адам «сыртқы» өмірдің шеңберінде, өзі
үшін емес, басқа адамдар үшін өмір сүреді. Тек қана өзіміздің ішкі өмірімізге терең
үңіліп, біз өзіміздің еріктігіміз бен әлеуметтігімізді анықтай аламыз. Бірінші, өмір
формасын ол «жабық», екіншісін «ашық» қоғамға жатқызады,жабық қоғамда тұлға
ұжымның кұрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмірі мен
шығармашылық қызметі ұстем болып келеді.
Қорыта келе, біз А.Бергсонның философиясының біршама қайшылықтарының бар
екенін байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан дүниесінің нәзік жақтарын