Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет375/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
436 
соған өткендей болын сезіну арқылы түсінуге болады. Оны В.Дильтей 
герменевтика деген ұғыммен береді. Тарихшы өткен окиғаларды шынайы қайта 
суреттеп қана қоймай, сонымен бірге оны қайта тебіреніп, оның өміршеңдік 
жақтарын түсіндіре білуі керек. 
Анри Бергсон (1859-1941 жж.) - «өмір философиясының» шеңберінде 
«шығармашылық талпыныс» ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең 
терең шындың - ол белгілі бір толыққанды біртұтас өмір, ал материя мен рухқа келер 
болсақ, ол -сол өмірдің қалдықтары. Өмір - «өмірлік талпынысқа» (еіап уііаі), яғни 
ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгеріс, қалыптасуға тең. Материя - 
болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең 
ақырында, өмірге бағынады. Сондықтан табиғаттың тарихи күрделенуі, өрлеуі - 
өмірдің шығармашылық өрлеуімен тең. Олай болса, дүние бірегей, тоқталмайтын, 
өне бойы жаңа формаларды бірінсн соң бірін тудыра беретін шығармашылық . 
А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге өзінің 
интеллекті (ақыл-ойы) арқылы бейімделді. Интеллект дегеніміз ақыл-ой, зерде 
арқылы адамның дүниедегі құбылыстарды танып-білуі, ол өзінің ең биік шыңына 
жаратылыстану ғылымдары арқылы жетеді. Интеллект біртүтас дүниені заттарға, 
соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөліп, содан кейін олардан дүниенің жасанды 
суреттерін тудырады. Интеллектінің қайнар көзі — адамның материалдық дүниедегі іс-
әрекеттерін ұйымдастыру, олардың нәтижелілігін қамтамасыз ету. Бұл арада аса 
назар аударатын нәрсе интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнін 
аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-
қатынастарын ғана көрсете алады. Өлі материяны құрамдас бөліктеріне бөліп, содан 
кейін оларды басқаша түрде қайта құрастыру - интеллектінің негізгі ісі. Олай болса, ол 
заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгеріп жатқан дүниені 
интеллект кинопленкадағы өмірді «жасанды түрде» көрсеткен сиякты (онда әрбір кадр 
қозғалысты көрсетпесе де), бірінің артынан бірін белгілі бір жылдамдықпен өткізген 
кезде, экранда «қозғалыстағы өмірдің» көшірмесі пайда болады. Интеллект дүниедегі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет