Нуржігіт Алтынбеков 456
қойған қойды да тудырып, өсірді.
Христиандық философияға келер болсақ, бұл жаңалық та ақиқатты деген пікірге
келеді. Өйткені Құдайдың өзі алғашқы «клональды экспериментті» жасады: Адамның
бір қабырғасын жұлып алып, одан Еваны тудырды. Әрине, мүндай «аргумент» бізді
күлдіртуі мүмкін. Әңгіме осы философияның ғылыми жетістіктерін өз ішіне кіргізіп,
заман ағымына сай келуге тырысуында болса керек.
Шындығында, христиандық философияның қойған мәселесі өте өзекті, бірақ оны
сәл өзгертсек, онда ол адамның дүниетану мүмкіндігі моральдық сананың бақылауында болып, бүкіл адам-заттық құндылықтардың шеңберінде даму
қажеттігіне келіп тіреледі. XX ғ., бір жағынан, ақыл-ой арқылы дүниетанып, оны
қайта өзгертудің орасанзор мүмкіндіктерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар
«ғылыми өркөкіректіктен» сақ болу қажеттігін көрсетті. Ғалымдар ашқан
жаңалықтарын дереу дүниеге енгізіп, адамзат пайдасына жаратуға тырысады. Бірақ
ол жаңалық бізге пайдасымен бірге, көп ойламаған теріс салдарын өмірге әкеліп
қоғам алдында неше түрлі жаңа қауіптерді тудырады. Адамзат алдындағы көп
экологиялық мәселелердін пайда болуының терең себептерінің бірі, міне, осында.
XX ғ. христиандық философия туғызған ірі тұлғаның бірі -Льер Теяр де Шарден (1881-1955 жж.) Негізгі еңбегі «Адам құбылысы» деп аталады.
Діни философтың қойған негізгі мәселесі: «Адам Құдайдың жаратқан Дүниесінің
қонағы ма, я болмаса сол жүріп жатқан жаратылысқа өз үлесін қосып, оны әрі қарай
дамыта ма? Егерде бұл дүние дайын күйінде адамға берілсе, онда адамға тек қана оның
ғажаптығына таңғалып, оған табынудан басқа еш нәрсе қалмайды. Ал егерде дүниенің
басы да, аяғы да болмай, бірақ ол өне бойы жаңару, өзгеру (эволюция) үстінде болса,
онда адамның бұл дүниеге келуінің негізгі мақсаты - оны әрі қарай дамытып, көркейтіп,
өзгертуінде болса керек», - деп қорытады П. Т. де Шарден.
Өзінің философиясында ойшыл материализм мен идеализмнің біржақтылығын
сынап, шынына келгенде, дүниенің сыртқы материалдық және ішкі психиқалың