Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет407/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
468 
өмірді басым ұстап, армандауды елемеген. Ал Азияға келер болсақ, Шығыс 
философиясы адамның ішкі рухани өмірін талдауға бағытталған. Міне, Шығыс ой-
өрісінін артықшылығы осында, өйткені «көз алдымыздағы қазіргі өтпелі сағым, ол, 
шынына келгенде, ештеңе», сондықтан шығыс ойы оны тесіп өтіп, одан әрі жатқан, 
өзгермейтін, өлмейтін, бұл дүниедегі өлім мен бакытсыздықтың ар жағындағы 
өлместік пен құдіретті бірдеңені көргісі келеді. «Шығыс данасы бұл идеалдан 
ешқашанда бас тартпайды», — деп корытады С.Вивекананда. Оның ойынша, 
Христостың өзі - нағыз Шығыс пайғамбары, өйткені ол сырткы дүниеге байланбаған 
болатын.
Адамның Құдайға бағьпталған өмір жолы, негізінен, үш сатыдан түрады. 
Алғашында, адам Құдайды аспандағы қатал кұдіретті күш ретінде қабылдайды. 
Келесі сатыда, өзінің рухани деңгейі өскен сайын, ол Құдайдың барлық жерде екенін 
сезінеді. Ең соңғы сатысында адам Құдайды өз ішінен тауып, Құдай мен ол бір екенін 
аңғарады. С.Вивекананданың ойынша, барлық дүниедегі діндердің негізгі ақиқаты, 
міне, осы. Олай болса, дүние жүзіндегі діндерді бір-біріне қарсы қоймау керек. 
С.Вивекананда дін мен ғылымның үйлесімді дамуын көрсетеді. «Бүгінгі таңда 
ғылым Ғарыштың біртұтастығын дәлелдеді. Метафизиктің (яғни философтың) 
«болмысын» физик «материя» дейді. Шынына келгенде, осы екі ұғым - бір ұғым. 
«Атом» мен «атманды» алсақ, оларда бүкіл Ғарыштың потенциалдық күш-қуаты 
берілген. Олай болса, қазіргі ғылым мен Веданта (үнді діни құжаты) өз-өзі арқылы 
дамып жатқан алғашқы себепті мойындайды. 
Егер ғылым неше түрлі деректерді жинап, зерттейтін болса, метафизика оларды 
жалпылап, бір арнаға құяды. Ал дінге келер болсақ, оның күші нақтылы деректер мен 
жалпылықты қамтып, біртұтас етіп қарайды. Олай болса, бұл үш рух туындылары 
бір-бірін толықтырып отырады. Дегенмен олардың ішінде діннің басымдылығын 
көрсеткен жөн. Тек дін ғана ең биік рухани ләззат әкелмек. 
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынасы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет