Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет405/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
466 
елдеріндегі қоғамдық сана модернизация барысындағы біршама өзгерістерді 
қабылдай алмайды, өйткені олар щариғаттың көп нормаларына қайшы келеді. Олай 
болса, «діни фундаментализмнің» терең түптамырын біз осы тұрғыдан түсінуіміз 
қажет. 
Ал енді XX ғ. ислам ойшылдарына келер болсак, олардың қозғаған негізгі 
мәселелері - ол ислам цивилизациясының ерекшеліктері мен ислам дініндегі адам 
жөніндегі қағидалар. 
Мысалы, Иран философы Сеид Хусейн Наср ислам цивилизациясының символы 
ретінде өзеннің ағысы емес, Кағбадағы алты қырлы тасты көрсетеді. Яғни ислам 
қоғамы өне бойы өзгерісте емес, ол тұрақты да бір қалыпты. Алайда Батыста тараған 
«исламның тұрақтылығы іріп-шірумен тең» деген пікірге ол үзілді-кесілді қарсы 
шығады. 
Екінші ерекшелік - Құдай, Ғарыш және адамның бірлігі мен өзара байланысын 
мойындау болып табылады. Оның үлгісі ретінде табиғаттағы заттардың бірлігі мен 
өзара байланысын алуға болады. 
Үшінші ерекшелік — исламның тазалығы, Мүхаммед пайғамбардың аяндарының 
қатаң сақталуы. 
Соңғы өте маңызды ерекшелік - исламның «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед 
оның пайғамбары» деген өзекті қағидасы. 
Исламның негізгі қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср Құран дегеніміз - сөзбен
символдармен берілген табиғаттың сыры», - де-ген пікірге келеді. 
Адам мәселесін талдай келе, өзінің «Білім жэне киелілік» деген еңбегінде 
С.Х.Наср «архирейлік» және «прометейлік» адамдарды бір-бірімен салыстырады. 
Архирейлік адам - жер мен аспан арасындағы көпір, ол Құдай алдында жердегі істеріне 
жауап беруге тиісті. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде шектелгенмен, Негізінен 
алғанда, құдіретті рухани күш. 
Ал прометейлік адамға келер болсак, ол - жердегі дүниенін туындысы, оның 
негізгі қамы - Құдайды ұмыт қылу. Киелілік сезімді жоғалтып, ол өз табиғатының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет