Нуржігіт Алтынбеков 467
ындынының құлына айналады. Ол - өз қажеттіктерін өтеймін деп табиғатты
ойрандатады, ең жоғарғы қазіргі технологиялар оның тәкаппарлығын әрі қарай
өсіреді. Прометейлік адам тарихи Қайта өрлеу заманында дүниеге келеді. Оқтын-оқтын
ол өз өміріне канағаттанбай, киелілікті аңсайды, бірақ оның бұрмаланған табиғаты оған
оны жеткізе алмайды. «сондықтан Батыс елдеріндегі ішімдіктің, нашақорлыктың
т.с.с.теріс нәрселердің түптамыры осы киелілікті жоғалтудан пайда
болды», - деген
пікірге келеді С.Х.Наср. Ф.Ницшенің «Құдай өлді» дегені ол прометейлік адамның
рухани өлімін көрсетеді.
Екінші Иран философы Али Шари-ати:«Ислам бірінші болып халықтың
тарихтағы, қоғам өміріндегі шешуші рөлін көрсетті», — деген пікірге келеді.
Ал енді оның адам мәселесіне деген көзқарасына келер болсақ, біріншіден, адам
табиғат пен табиғаттан жоғары пенделерге қарағанда бірінші орын алады, өйткені:
оның өзіндік санасы мен ізгілігі бар;
екіншіден, оның өзіндік дербес ырқы, еркі мен таңдауы бар; үшіншіден, ол саналы
пенде, ол — оның ең құнды касиеті; төртіншіден, ол - жасампаз пенде; бесіншіден, адам
идеалға табынады;
алтыншыдан, адам - моральдық ар-ұжданы бар пенде. Бірақ тек қана өзінің
Құдайға деген махаббатының арқасында ол өзінің биік дәрежесі мен жетілуіне
мүмкіндік алады, яғни адам идеалдық дәрежеге көтеріледі.
А.Шари-Атидің ойынша, идеалды адамның үш жағы бар. Олар: ақиқат, ізгілік,
әсемдік, басқаша сөзбен айтканда - дүниетану, этика, өнер. «Құдайдың ырқының
негізінде адам табиғат жұмағынан, өзін оятатын шөлге түсті», — деп қорытады ойшыл.
Ал енді мәселені нақтылай түсіп, XX ғ. Шығыс елдерінің ұлы ойшылдарына келер
болсақ, онда үнділік діни философ Свами Вивскананданы келтіруге болар еді. Оның
ойынша, егер «Азияның дауысы әрқашанда діннің дауысы болған болса, Еуропа
дауысы -саясаттың дауысы». Еуропа цивилизациясының түптамыры көне гректерге
кетеді. Олар тек қана айнала қоршаған ортаны жақсартуды ойлаған, сыртқы