Нуржігіт Алтынбеков 483
па? Әрине, адамды құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір жануарға теңеу үлкен
қателік болар еді. Адамды шынайы адам қылатын - оның санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатьш шығармашылық іс-әрекеті емес пе?! Қайсыбір
жануарды алсақ та, ол өз болмысын бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы
Әлем жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап қоймай,
сонымен қатар Дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның ар жағында бүкіл
адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді, «мен бұл Дүниеге не үшін
келдім» деген сұрақты өз алдына оқтын-оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған
сұрақ Болу ма, я болмау ма? - Міне, негізгі сүрақ! адамзат қаншалықты өмір сүрсе,
соншалықты өміршеңді болып қала бермек. XX ғ. ортасында бұл сұраққа әдейі арнап
кітап жазған көрнекті американ философы Э.Фромм қазіргі Батыс цивилизациясы
адамның өмірдегі болмысын баю, иелену арқылы көреді деген тұжырымға келіп,
оның тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің трагедияға
толы тарихында өз жолынан таймай, «жігіт бір сырлы, сегіз қырлы» болу керек, әр
күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан, өнер-сайысқа айналдыру керек деп есептеген,
бұл оның даналығын көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара
жолдан тайып, Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарай ауысып бара жатқан
жоқпыз ба? деген сұрақ та ойландырмай қоймайды.
Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде жер бетінде «екінші табиғат» болмысы пайда болды. Егер «бірінші табиғат» деп біз адам қолымен
өзгеріске түспеген тағы табиғатты айтатын болсақ, «екінші табиғат» адамның саналы
іс-әрекеті арқылы өзгеріске түскен. Егер жануар өзіне кажеттінің бәрін таза табиғаттан
тауып алатын болса, адам оған қанағаттанбайды. Сон-дықтан ол табиғатты өзгертіп, өз
мүддесіне сай етіп өмір сүреді. Оның бүгінгі таңдағы көріністері - альш қалалар,
асфальт және теміржолдар, жасанды көлдер мен ормандар, мәшинелер мен неше
түрлі техникалық жабдықтар т.с.с. Олардың бәрі де - саналы іс-дрекеттің
туындылары. Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғаттың
туындыларында сөнген, яғни заттанған. Қайсыбір адамның қолымен жасалған