Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет424/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
486 
дағдарыстың себептерін «тобырдың көтерілісінен» көреді. К.Маркстің ойынша, тек 
қана жер бетінде коммунизм орнаған кезде ғана, әр адам жан-жақты дамып,
шығармашылық деңгейге көтеріліп, қоғамдық сананы дамытуға қол жеткізеді. 
Қоғамның рухани болмысын талдауда әдебиетте «абсолюттік рух» деген ұғым да 
кездеседі. Көбінесе оны философия тарихында Құайға әкеліп тірейді. Гегельдің 
ойынша, абсолюттік рухка «өнер», «дін», «философия» жатады. Өнер арқылы 
абсолюттік рух өзін толық еріктіктің негізінде адлайды; дін арқылы өз-өзіне беріліп 
қабылдайды; тек философия сатысына жеткен кезде ғана өз-өзін ұрымдар арқылы 
жете түсінеді, сондықтан Гегельдің ойынша, философиядан биік рух жоқ, ол - 
рухтың ең биік сатысы. 
Қорыта келе, біз болмыс ұғымынын өз бойына бүкіл Әлемді (материя мен рухты, 
субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын қамтитынын байқадық. Бұл - 
шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан оның мазмұны да жиырылған түрінде оның 
ішінде жатыр. Енді біз оларды өз қисынының негізінде «сыртқа шығарып» жайып, 
талдауымыз керек, сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі болмыс 
жөніндегі ілімді толыкқанды суреттейді. 
§ 2. Жалқылық пен жалпылық 
Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауымыз керек? Әрине, бұл 
сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни философия оны Құдаймен теңестіреді. 
Идеалистік философияның көрнекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын 
«Абсолюттік идея» ұғымынан бастайды. Ал материалистік бағыт ұстаған 
ойшылдар оны «материя» ұғымынан бастайды. Бірақ уақытында ұлы Гегельдің өзі-
ақ айтып кеткендей, ешкім де ешқашан абстрактілік «материяны» көрген жоқ, 
дүниеде тау-тас, ағаш, ауа, қой, ешкі т.с.с. нақтылы заттар бар, ал материяның өзі-ақ 
абстрактілік ұғым емес пе? Ал Л.Фейербахқа келер болсақ, болмысты талдауда 
күнбе-күнгі көз алдымызда өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстардан, яғни «міне», 
«мынау», «анаудан» бастап, эрі қарай өрлеуіміз қажет деген пікір айтады. Біздің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет