Нуржігіт Алтынбеков 484
заттың негізінде белгілі бір идея жатыр. Сол жасалған затты пайдаланып, оны
игерген кезде, сөнген идея дереу «лап етіп жанып», тағы да сол адамның ішкі
рухани өмірінің құрамдас бір бөлігіне айналады, яғни заттанған идея өзінің
материалдық қабығынан босап, тағы да санаға айналады. Екінші табиғаттың
бұл терең сырын жете түсіну үшін, оқырманға бір қарапайым мысал келтірейік. Егер
сіздің мәшинеңіз сынып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең алдымен
ол қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, бұл жайтты түсінген кезде, соны ойлап
шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған идеясын тағы да «тірілтіп», өз
сананыздың байлығына айналдырасыз. Егер сіздің техникаға икеміңіз болса,
сол бөлшектің жетілмеген жерін анықтап, оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін.
Оны қоғам рационализаторлык әрекет деп бағалайды. Идеяның затқа, заттың
қайта идеяға айналу диалектикасын осы мысалдан көруге болады. Қорыта келе
айтарымыз: мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыкқан туындыларда оның
барлық дүниеден алған тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған. Әрбір Дүниеге
келген жаңа үрпақ соларды игеріп, оны әрі қарай дамытып, өзінің рухани байлығына
айналдырады.
Енді, міне, сол «екінші табиғатты» тудырған адамның рухани болмысын талдауға
да уақыт келіп қалған сияқты. Алғашқы жақындағанда, оны екіге бөлуге болады.
Біріншіден, ол тарихи сахнада өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адамның рухани
өмірі, оны субъективті рух деуімізге әбден болады. Тірі адамның түйсіктері, сезім
тебіреністері, ырқы, өзіндік сана-сезімі, ғылыми түсініктері, тіпті бейсаналық
инстинктері - бэрі де оның ішкі рухани өмірін құрайды. Адамның ішкі өмірі сыртқы
Дүние сияқты тұңғиық, Шексіз. Сондықтан да көне гректер адамды «микрокосм»
ретінде Қарап, оны «макрокосмға», яғни Дүниеге теңеген болатын. Бір адам басқа
адамның ішкі дүниесін толық білмек түгіл, кейбір кезде өз ішінен бұрын білмеген
қасиеттерді тауып алып таңғалады!!
Әрине, адамның ішкі рухани болмысы сыртқа шығуға өне бойы талпынады,
өйткені адам басқа адамдармен қарым-қатынаска түсіп барып өмір сүре алады: