Нуржігіт Алтынбеков 503
жатыр деген ойға келеді. Сан дегеніміз -атомдардан тұратын қайсыбір заттың
мөлшері.
Платонның түсінігінше, материалдық зат - идея әлемінің көлеңкесі ғана. Заттың
сандық жағын анықтайтын, идея, ал оны зерттейтін - математика (геометрия) ілімі.
Аристотельдің ойынша, сан, сызық, фигураның т.с.с. заттардан тыс өзіндік
болмысы жоқ, ол - заттардың қасиеттері. Сол сияқты, дүниеде бос кеңістік те жоқ.
Уақытқа келер болсақ, ол -қозғалыстың өлшемі.
Жаңа дәуірдегі философтар да бұл ойды қолдап, математика ілімінің пәні шынайы
кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүріп жатқан заттардың мөлшері деген пікірге
келеді.
Канттың ойынша, қайсыбір көлем қиялдың күшінен шығатын құбылыс, ал
сыртқы сезімдегі барлық көлемдердің көрінісі - кеңістік, ішкі сезімдегісі - уақыт.
Гегель алғашқы рет сапа мен санның бірлігі мен айырмашылығын көрсете
білді. Егер заттың сапасы өзгерсе, онда ол басқа затқа айналады, ал сандық өзгерістер
сол заттың шеңберінде оның табиғатын бүзбай, біршама деңгейге дейін бола беруі
мүмкін.
Бүгінгі таңдағы түсініктер бойынша, эртүрлі сападағы заттардың ортақ, жалпы,
біркелкі жақтарын салыстырып өлшеу арқылы сандық категория дүниеге келеді.
Бүгінгі таңдағы ғылымда сан алуан заттың сандық жақтарын өлшейтін эталондар
(үлгілер) жасалған. Математика ғылымы да өте күрделі ең абстрактіліқ ілімге айналды.
Айта кететін бір жайт - зерттелетін зат неғұрлым күрделі болса, оның сандық өлшемін
анықтау да соншалықты қиынға түседі. Оны әсіресе қоғамдағы үрдістерден көруге
болады. Адамның рухани өмірін, ішкі тебіренісін, әсемдікке ұмтылысын ешқандай
математика анықтай алмайды. Бірақ, соған қарамастан, қоғамтану саласында да
статистикалық әдістемелер арқылы олардың да шамамен өлшемі анықталады.
Келесі мәселе - сапа мен санның өзара байланысы, диалектикалық бір-біріне өтуі.
Оны талдау үшін жаңа ұғымдарды енгізуіміз
қажет.