Нуржігіт Алтынбеков 504
§ 6. Өлшем мен секіріс Қайсыбір зат, я болмаса кұбылыстың өзіне тән сапасы, сонымен қатар
сандық жақтары болады. Бір карағанда, олардың бір-бірімен байланысы жоқ, әрбіреуі
өзінше өмір сүріп жатқан сияқты.Бірақ ол - үстірт көзқарас. Мұқият терең қарасақ,
біз олардың бірлігін байқаймыз. Белгілі бір сапаға соған сәйкес сан келеді, біз оны
заттың өлшемі дейміз. Олай болса, өлшем - сандық сапа, я болмаса сапалық сан
деп айтуымызға да болады. Екіншіден, өлшем - белгілі бір сапаның шеңберіндегі
әртүрлі сандық өзгерістердің бірлігі. Мысалы, судың сандық өлшемі 0-100 градусқа
шейін. Бұл сандық шеңберде су өз сапасын жоймайды, бірақ 100 градусқа бір ғана
градус қосылса, өлшем бүзылып, су жойылып, дереу буға айналады. Сол сияқты
әрбір металдың да өзінің өлшемі (константасы) бар, егер ол 1 градусқа өссе, ол балқи
бастайды.
Егер екі шақырымдық биіктікте атылған оқ секундына 7910 м. жылдамдыққа
дейін жетсе, ол бәрібір жердің гравитациясының шеңберінен шыға алмай, ақырында,
құлайды. Бірақ оның жылдамдығы тек 1 м. ғана өссе болды (7911 м.), жер
жылдамдығы ғарыштыкқа айналып, ол жерге құламайды. Егерде жылдамдықты 11189
м.сек. жеткізсек, басқа планеталарға үшуға мүмкіншілік аламыз, ал жылдамдық
16662 м.сек. жетсе, басқа жұлдыздарға ұшуға болады.
Менделеевтің ашқан химиялық жүйесін алсақ, онда да осы заңдылықты
байқаймыз. Атомның өзегінің заряды өскен сайын, ескі сапа жойылып, жаңа
элементтер пайда болады (сутегінің өзегі -1 протоннан түрады, 2 - гелийге
айналады, 3 - литийге, 4 -бериллийге т.с.с.)
Ақшалы азамат қашан капиталиске айналады? Ақшаның сандық мөлшері оны
тікелей өндірісте жүмыс істеуден босатып, басқа адамдарды жұмысшы ретінде
жалдауға мүмкіндік пайда болған кезде дер едік.
Сонымен бір сапаның екіншіге өтуі зат, энергия, я болмаса информацияның
қосылуы, я кемуімен байланысты екен. Әрбір сапалык өзгеріс сандық өзгерістердің