Нуржігіт Алтынбеков 512
Алайда XIX ғ. бастап жоғарыда айтылған көзқарастарға күмәндану басталады.
Электромагниттік үрдістерді зерттей бастаған М.Фарадей мен Дж.Максвелл тарту
күші қашықтық, пен қатар жылдамдыққа байланысты және тікелей тарамайды деген
пікірге келеді. Ал күштің тарауы сол сәтте емес, белгілі бір шектелген жылдамдықпен
жүреді. Соңында, олар сәуле, магнетизм, электр қуатын біріктіріп, электромагниттік
өрістің әртүрлі көріністері ретінде қарай бастады.
Сонымен ғарыштағы күштердің жылдамдығының шектелгені Ньютонның алыстан
әрекет ету теориясына үлкен соққы жасап, А.Эйнштейннің ғылыми жаңалықтарын
ашуға белгілі алғышарттар жасады. 1905 ж. ол өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі
арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде
ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км. сек. деген қағида
жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Мысалы,
жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м.сек. – сәулемен салыстырғанда тұрақты деуімізге
болады. Егерде қайсыбір ғарыштағы үрдістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда
оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық
шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үрдістер жоқ. Ғарыштағы
әрбір жүйенің өз уақыт есебі бар. Мысалы, жерде жас әйелі мен бір жасар баласын
қалдырып, 25 жасар космонавт сәулеге жақын жылдамдыкпен ғарышқа ұшып, бір
жылдан кейін қайтып келсе, оны 51 -дегі баласы қарсы алады екен! Әкесі 26-да,
баласы 51-де! Өйткені ғарыш кемесінің ішіндегі уақыт баяулайды да, жердегі уақыт
есебі бұрынғыдай бірқалыпты жүре береді. Әрине, бұл теоретикалық қиял, оның іске
асуы мүмкін емес. Ол іске асқан жағдайда ғарыш кемесінің көлемі жоғалып бара
жатқан нүктеге айналар еді! Екіншіден, ондай жылдамдыққа жету үшін, бүкіл
Дүниенің күш-қуатын жұмсау керек болар еді, ал, ол - мүмкін емес.
А.Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні
ғарыштағы орасан зор объектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала коршаған
кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері
ғарыштағы объектілердің массасының (салмағының) бөлінуіне байланысты өзгеріп