Нуржігіт Алтынбеков 510
Сонымен қатар ол — биологиялық пенде, оның басқа тірші-ліктер сияқты дене
қажеттіктері бар. Оның бауырында өте күрделі химиялық үрдістер өне бойы жүріп
жатады, адам басқа заттар мен құбылыстар сияқты кеңістікте орын ауыстырады, оның
денесінен неше түрлі физикалык өрістер өтуде т.с.с. Бірақ бұл үрдістердің бәрі де
әлеуметтік қозғалыс формасына тәуелді болып өмір сүреді. Егерде біз адамды оның
биологиялық табиғатына теңесек, онда нәсілшілдік, әлеуметтік дарвинизм,
ломброзиандык т.с.с. сияқты кертартпа көзқарастарға тап болар едік.
§ 8. Кеңістік пен уақыт
Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыттың шеңберінде
өтіп жатады. Ең жалпы түрде алғанда, кеңістік деп заттар мен қүбылыстардың бірінің
жанында бірінің орналасуын айтамыз, ал уақытқа келер болсақ, ол -- дүниедегі
болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі.
Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа
шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен
уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды жэне релятивизм
(салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жаткан неше түрлі материалдық
объектілердің формалары, соған бағынышты.
Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Ол
езінің атомистік ілімінде дүниенің алғашкы негізін құрайтын екі бастаманы
мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін эрі қарай бөлінбейтін үсақ бөлшектер -
атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте кұлдырап келе жатып
бір-бірімен соқтығысып, табиғатың заттарын тудырады. Яғни кеңістік -
субстанциялык алғашқы негіздердің бірі. Егер Дүниедегі атомдар бір сэтте жоғалып
кетсе, Дүние құрымайды -Кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып кала береді.
Сол заманның ірі ойшысы Эмпедокл бұл пікірге қарсы шығып: «Судағы
балыққа қараңызшы - онда бос кеңістік жоқ, бірақ балық қозғалады», - деген пікір
айтқан болатын. Яғни ол бос кеңістік идеясына қарсы шықты.