Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет456/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
518 
§ 9. Қозғалыс тетігі 
Сонымен жоғарыда кеңістік пен уақыттың шеңберінде қозғалыста өтіп жатқан 
болмысты әңгіме қылдық. Одан туындайтын келесі мәселе - қозғалыстың қайнар көзі, 
тетігі неде жатыр деген сұрақ. Оған осы тарауда жауап беруге тырысамыз. 
Әңгіме Дұниенің ағым, қозғалыс екенін мойындауда емес, оны есі дұрыс 
адамдардың бәрі біледі. Философияға дейін-ақ адамдар бір нәрсенің Дүниеге келіп, 
екіншінің кетіп жатқанын, ақтың қараға, дымқылдың кұрғаққа т.с.с. қарама-
карсылықтың бір-біріне өтетінін байқаған. Сонымен бірге оның терең себебі неде 
деген сұрақ мыңдаған жылдар бойы адамдарды толғантып, ізденіске итергені де - еш 
күмән туғызбайтын шындық. 
Көне грек философиясында бұл сұраққа терең жауап іздеген Гераклит болды. 
Оның ойынша, Дүние - қайшылық, әр заттың қарама-қарсы жақтары бар, олардың 
бір-бірімен күресі - Логос (logos - грек сөзі, сөз, мән-мағына) заңдылығы. 
Мұндай пікірге Аристотель қарсы шығып, бір нәрсенің өмір сүруімен қатар, сол 
сәтте өмір сүрмеуін мойындау - Қисынға қайшы келетін нәрсе олай болса ешқандай 
дүниетаным мүмкін болмас еді деген пікірге келеді. 
Ортағасырлық философия қозғалыстың қайнар көзін сыртқы себептен - Құдайдың 
бізге танылмайтын күш-қуатынан шығарады. 
Бұл мәселені шешуге өз үлесін косқан Қайта өрлеу заманының ұлы философы 
Н.Кузанский болған-ды. Ол қарама-қарсылықтың бір-біріне өтуін (соіnсіdеntіа 
орроsіtоrum - латын сөзі, қарама-қарсылықтың бір-біріне сай келуі деген мағына 
береді) математика жолымен дәлелдемек болды. Мысалы, екі жағы тен үшбұрыштың 
түйісін шексіз соза берсек, олар бір-біріне жақындай келе, түбі бір сызыққа 
айналады. Бұл арада неміс ойшылы Я.Беменің: «Қайшылық - материяның зардабы, 
ол оған дамыл бермей, оны козғалысқа итереді, ең ақыры, Құдайдың өзі - негізі жоқ 
тұңғиық», - деген ойларын келтірсек те болғаны. 
Жаңа дәуірдегі философияда Аристотельдің ғылымның дамуында қайшылықты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет