Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет45/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
48 
сабақтастығын қөрсете білді. 
Алайда Гегельдің еңбектеріне дейін ХҮ-ХҮП ғ.ғ. философия тарихтарында бұл 
пән әлі белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ, оның ішкі байланыстары, қисыны әлі 
ашылған жоқ-ты. 
Гегель өзінің «Философия тарихы жөніндегі лекцияларында» адамзаттың 
философиясындағы ой-пікірдің тарихи бір-бірімен сабақтастығы, әрбір дәуірдің 
белгілі соған сәйкес философия ой-өрісін туғызатындығы, сонымен қатар сол дәуірдің 
шеңберінде шектелетіндігі, келесі дәуірдегі ойшылдардың өз заманына сәйкес бұрынғы 
көзқарастарды дамытатындығы айқындалды. 
XIX 
ғ. екінші жартысында пайда болған марксизм ілімі философия 
тарихын таптық тұрғыдан қарап, бұл пәннің шенберінде қалыптасқан материализм 
және идеализмағымдарының күресі - осы ғылымның өзегі деп есептеді. Қоғамды 
материалистік тұрғыдан түсінудің негізінде, олар «философия ой-өрісі дамуының ең 
түпкі қайнар көзі - өндіргіш күштер, соған сәйкес ғылым мен техниканың дамуында» 
деген терең пікір айтты. 
XX 
ғасырдағы ойшылдардың көпшілігі философия тарихындағы тарихи 
сабақтастықтан гөрі, әрбір қалыптасқан философиялық жүйенің ерекшеліктеріне, 
соны тудырған тарихи тұлғаның кайталанбауына, оның дүниетанымы мен сезімінің 
оқшау тұрған рухани құндылық екендігіне аса көңіл аударды. 
Әрине, философия тарихының қалыптасуы мен дамуының ішкі заңдылықтары 
бар. Әр философ, қайсыбір адам сияқты, өз дәуірінің тұлғасы, сондықтан оның ой-
толғауында сол заманның мұң-мұқтаждықтары, философиялық ой-өрісі көрінбей 
қоймайды. 
Әрбір географиялық аймақтағы тұратын халықтардың сол жерге мыңдаған 
жылдардың ішіндегі бейімделуінің негізінде өзінің дүниетанымы мен дүниені 
түйсінуі, өзінің философиясы қалыптасады. Оны ғылымда менталитет деген ұғыммен 
береді. Сондықтан біз Шығыс, Батыс философиясы, Африка, Америка т.с.с. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет