Нуржігіт Алтынбеков
47
I БӨЛІМ. МӘДЕНИЕТ АЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ
ТИПТЕРІ
II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
Философия б.ғ.д. ҮІ-Ү ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді.
Қайсыбір
философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қалынған өз заманы,
дәуірі.
Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы,
шегіне
жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі
өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.
Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар
көзі - Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен
пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір
философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек.
Сондықтан
Кон-фу-Цзы, Платон, Аристотель сияқты көне замандағы ірі ойшылдар өздерінің
көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып,
оларға баға
береді.
Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана әдейі
философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, III ғ. өмір сүрген
Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар еді. Д. Лаэртийдің «Атақты
философтардың
өмірі мен ілімдері, нақыл сөздері», С.Эмпириктің «Ғалымдарға
қарсы» деген еңбектері арқылы біз көне замандағы философия ішіндегі ой-тартысты,
әрбір ойшылдың шығармашылық тәжірибесінің ерекшелігін байқаймыз.
Орта ғасырларды алатын болсақ, онда философия тарихы көбінесе тарихтағы
болған ұлы философия еңбектеріне жасалған комментарийлер (түсініктер)
арқылы
көрінді. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларын тек қана араб тіліне
аударып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің кең түсініктемелерінде оларға баға
беріп, басқа грек ойшылдарының
еңбектерімен салыстырып, олардың бір-бірімен