Нуржігіт Алтынбеков 525
үрдістердің жиынтығын даму ретінде қарау керек» (қараңыз: Материалистическая
диалектика., т. 1., м 1981,231-6.).
Соңғы пікір бүгінгі таңдағы ғылымда бірте-бірте өз өрісін өсіруде. Астрофизикада
XX ғ. 20-шы жылдары «кеңею үрдісіндегі ғарыш» болжамы жасалып, 40-шы
жылдардағы «алғашқы жарылыс» жөніндегі болжам 70-ші жылдарда «Ұлы жарылыс»
(grand expolsion) теориясына ауысты.
Осыдан 13 млрд. жыл бұрын материяның «сингулярлық» ахуалының негізінде
(көлемі атомның көлеміндей, кысымы 10-94-ші дәрежедегі грамм 1 кв.см.!!!) осындай,
практикалық түрде көзге көрінбейтін нәрседен «Ұлы жарылыс» пайда болып, бүгінгі
таңдағы орасанзор Ғарышты тудырды. Бұл ғылымда жасалған «коперникандық
төнкеріспен» бірдей, өйткені мыңдаған жылдар бойы ұлы ойшылдар ғарыш
мәңгілікті өмір сүріп жатыр деген пікірде болатын. Енді ғарыштың өзі «тарихи
оқиға» болып шықты, өйткені оның уақыт шеңберіндегі бастамасы бар. Олай болса, ол
өзгерісте, дамуда. Оның болашақта соңы да болады. Осы 13 млрд. жылдың
шеңберіндегі ғарыштың өткен сатыларын зерттеп, ой-өрісімізде кайта құруға болады.
Сонымен XIX ғ. Ч.Дарвиннің жасаған биология ғылымы саласындағы эволюциялық
теориясы XX ғ. физика мен космологияда толықтырылды.
Енді кезек химия пәніне келіп отыр. Бұл уақыттың қойған талабын химия пәні XX
ғ. 80-ші жылдарынан бастап, өзінің жана сапасы - «эволюциалық химия» арқылы
шешуде. Оның түйіні химия ғылымының болашақтағы негізгі даму бағыты «Ұлы
мәртебелі Табиғаттың» 13 млрд. жылдың шеңберінде сан жетпейтіп химиялық
қосындылардан қандайын іріктеп алды - соны зерттеп, соның негізінде экологиялық
жағынан зиян келтірмейтін жана материалдар мен қосындыларды жасау болмақ. Олай
болса, даму идеясы химия ғылымына да кеңінен кіруде.
Сонымен қазіргі жаратылыстану ғылымы «Дүниедегі барлық — даму мен
эволюция нәтижесі» деген пікірге келіп отыр.
Бұл арада мынандай өткір сұрақ пайда болады: Егер Дүниедегі барлық