Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет461/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
523 
Жоғарыдағы көрсетілгендей, Дүние өне бойы қозғалыста, барлық заттар мен 
құбылыстар бір-бірімен шытырман байланыста, бір нәрсе пайда болып, екіншісі кетіп 
жатыр, зат бір сападан сандық өзгерістердің негізінде екінші сапаға секіріп өтуде
оның бәрінің кайнар көзі ішкі қайшылықтың шешілуі арқылы жүреді екен. 
Енді осы арада екінші сұрақ заңды түрде пайда болады: шытырман қозғалыстағы 
Дүние ешқандай тәртіп жоқ хаос па, әлде ол ретке келтірілген өзгерістер ме? Әрине, 
оқырман өз тәжірибесінің негізінде-ақ Дүниеде белгілі бір заңдылықтардың барын 
мойындайды. Оны философияда даму категориясы арқылы көрсетеді. 
Даму деп Дүниедегі заттар мен құбылыстардың өз ішкі қайшылығынан 
туындайтын белгілі бір заңдылықтардьщ негізінде ретке келген, күрделену үстіндегі, 
қайта оралмайтын, өзіне тән бағыттағы өзгерістерін айтамыз. 
Енді жоғарыда көрсетілген анықтамаға түсініктер берейік. Кайсыбір даму 
үрдісіндегі зат, я болмаса, құбылыс өз ішкі қайшылықтарының шешілуі арқылы 
дамиды. Сыртқы ықпал дамуды тездетуге, я болмаса баяулатуға әсер етуі мүмкін. 
Мысалы: қайсыбір тіршілік формасы өз ішіндегі генетикалық (тұқым қуалаушылық) 
бағдарламаға сәйкес айнала қоршаған ортамен зат, энергия, информация алмасуына 
түсіп, өсіп-өнеді. Егерде сыртқы ықпал теріс болса (қуаңшылық, қатты аяз т.с.с.), 
онда даму үрдісі баяулап, я болмаса тіпті сол тіршілікті құртып жіберуі мүмкін. 
Сонғыны даму деп айтуға, әрине, болмайды. 
Адамның білімі мен мәдениетінің дамуы өне бойы ішкі (білген мен 
білмегеннің арасындағы) қайшылықтарды шешу арқылы іске асады. Егер 
адамның білімге деген ішкі ынтасы болмаса, онда оны Оксфорд пен Гарвардта 
оқытсаңыз да, еш нәтиже ала алмайсыз. Сонымен қатар ішкі оты, орасан ынтасы бар 
адам өз талпынысы мен дайындалуының негізінде білімді азамат болып шығуы 
мүмкін. 
Екіншіден, даму үрдісі белгілі бір заңдылықтардың негізінде іске асады. 
Заңдылық деп даму барысындағы қажетті, тұрақты, қайталанатын ішкі 
байланыстарды айтамыз, соның арқасында барлық үрдістер рет-ретімен өзара 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет