Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет473/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
535 
дамытып, адамзат болашағы ноосфераны құрумен, яғни жер бетінде ақыл-ой арқылы 
дамыған қоғам мен гүлденген табиғатқа жету мақсатын қойды. Бірақ бүгінгі таңда
1 млрд. адам аш-жалаңаш жүрсе, жүздеген миллион адамдар өз өмірінің мән-
мағынасын таба алмай сандалып,маскүнемдік пен нашақорлық т.с.с. жолына түссе, ал 
тез қарқынмен дамып келе жатқан техносфера жер бетіндегі тіршілікті жойып 
жатса «ноосфера» идеясының кезекті миф екенін байқауға болады. 
Әрине, бұл пікір қалам иесінің өзіндік дүниесезіміне жатса керек. Оқырманды оны 
парасатты сараптауға шақырамын. 
Енді бүгінгі таңдағы прогресс жөніндегі идеяларға келсек, ол- Дүниенің іргетасты 
түрде аяқталмай, кемеліне ешқашанда келмейтіндігі. 
Екіншіден, бүкіл Дүниеге қатысты - ол прогрессивті даму үстінде ме деген 
сұрақты қоюдың өзі мүмкін емес. Өйткені онда Оның мақсат-мұраты неде деген 
екінші, одан да қиын сұрақ пайда болады. Оған жауап беру үшін кемінде Құдайдың 
деңгейіне жетуіміз керек. Біздер - саналы, өтпелі пенделер, осы Ғарыштың ішінде 
өмір сүріп жатқаннан кейін, жоғарыдағы сұрақтарға ешкашанда жауап бере 
алмаймыз. 
Сонымен қатар Ғарышты нешетүрлі нақтылы ашық және жабық жүйелерден 
тұратын объект ретінде қарағанда, әрине, олардың прогрессивтік, я болмаса 
регрессивтік дамуы жөнінде ауыз толтырып айтуға болады. 
Болмыстың пілдей бөлігі - бейорганикалық заттар мен құбылыстардан тұрады, ал 
онда даму бар ма, егерде болса, оны прогресс ұғымы арқылы бағалауға бола ма деген 
қиын сұрақ осы арада пайда болады. Өйткені арнаулы әдебиетте ғалымдардың 
біршамасы оны терістесе, екіншілері қолдайды. Біздің ойымызша, өлі табиғатта да 
даму үрдісі жүріп жатқанын мойындамай болмайтын сияқты. 
Егер өлі табиғатта даму болмаса, онда жер бетінде тіршілік қалай пайда болды 
деген сұрақ өз-өзінен біздің басымызға келеді. Мұндай тұйықтық бізді ертелі-кеш 
белгілі бір сырттай ықпал ететін «Құдіретті күшті» мойындауға әкелетін сияқты. 
Бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдары өлі табиғаттың дамуы жөнінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет