Нуржігіт Алтынбеков 552
сонымен қатар өзімен бірге болашақ өзгерістердің, мүмкіндіктердің ұрығын
әкеледі т.с.с. Ол оның ішкі қайшылығынан шығады.
Мүмкіндік пен шындық жөніндегі бүгінгі түсініктерге келер болсақ, шындық
дегеніміз - заттың актуальдық болмысы, ал мүмкіндік - ішкі қайшылықтан шығатын
заттың дамуының бағыттары, алғышарттары.
Нақтылы шындық өз даму барысында біршама мүмкіндіктерді бойында
сақтайды. Бірақ оның көлемі шексіз болмайды - ол белгілі бір заңдылықтармен
шектелген. Мүмкін еместік - заттың объективтік заңдылықтарының шеңберінен
шығатын мүмкіндік, ол ешқашанда өмірге келмейді. Мысалы, кәрінің
жасөспірімге айналуы, я болмаса күннің үстінде тіршіліктің өмір сүруі т.с.с.
Сонымен қатар абстрактілік және шынайы мүмкіндіктерді айыру қажет.
Абстрактілік мүмкіндік - заттың даму заңдылықтарына қайшы келмегенмен, нақгылы
ахуалда дүниеге келуіне жағдайлардың жоқтығын көрсетеді. Шынайы мүмкіндіктің
өмірге келуге нақтылы алғышарттары бар, ол шындыққа уақыты келгенде айналады.
Мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін, негізінен, екі алғышарт керек.
Олардың біріншісі - белгілі бір заңдылықтардың болуы, екіншісі - нақтылы керек
жағдайлардың жасалуы.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әрбір шындық өз ішінде біршама
мүмкіндіктердің ұрығын сактайды. Сондықтан заттың дамуында белгілі бір
бейнақтылық сақталады. Егер белгілі бір жағдай толығынан болмаса, онда ол
мүмкіндік басқа мүмкіндіктермен бірге сол қалпында қала береді. Жағдай толығынан
туған кезде ол мүмкіндік жеңіп, шындыққа айналады.
Өлі жэне тірі табиғатта мүмкіндіктер стихиялық түрде неше түрлі шытырман
байланыстардың ішінде белгілі бір нақтылы жағдай пайда болған кезде шындыққа
айналады. Онда әсіресе кездейсоқтыктың рөлі өте үлкен - оны келесі тарауда талдайтын
боламыз. Бұл арада, тек мысал ретінде, қайсыбір тіршіліктің шашатын ұрығының
саны мен солардың шындыққа айналатын санын келтірсе де болады. Миллиондаған
балықтың уылдырығынан ондағаны ғана өсіп-өніп, балыққа айналады. Қалғандары