Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет491/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
553 
лайықты жағдайға кез болмай құриды, яғни мүмкіндік шындыққа айналмай қалады. 
Қоғам өмірінде жағдай басқаша қалыптасады, өйткені оларды адам саналы түрде өз 
қолымен жасайды. Адамдар қалалар салып, жасанды көлдерді тудырады, өсімдіктер 
мен жануарлардың даму мүмкіндіктерінің ішінен қолайлысын тауып алып, оның 
шындыққа айналуына жағдай тудырып, көмектеседі. Мысал ретінде бидайдың 
қуаңшылыққа қарсы тұра алатын сорттарын дүниеге әкелу, сүтті көп беретін 
сиырлардың тұқымын шығару т.с.с. айтуға болар еді. 
Сонымен қатар айнала қоршаған ортаны жасанды өзгертуде адамзат көп келеңсіз 
нәтижелерге де жетті, өйткен себебі, бір ғылыми жаңалықты енгізіп, оның пайдасын 
табу жолында оның өзімен бірге әкелетін теріс жақтарын көбінесе болжай білмейді. 
Соңында оның пайдалы жағы теріс жағынан кем болып шығып, жаңа мәселелерді 
тудырады. Оның мысалы ретінде бүгінгі таңдағы экологиялык дағдарысты келтірсе де 
жеткілікті. 
Мүмкіндік пен шындықтың қоғам өміріндегі көрінісіне келсек, онда адами 
фактордың орны ерекше. Ол адамдардың саналы іс-әрекеті, қажымас қайраты, саяси 
және құқтық пісіп-жетілгені, күш-қуаты, ұйымдасу деңгейімнен т.с.с. байланысты. 
Мысалы, бүкіл дүниежүзілік қауымның соғысқа қарсы іс-әрекетінің негізінде ядролық 
соғыстың болу мүмкіндігі толық жойылмағанмен, алыстады деп айтуға кұқымыз 
бар. Оны дүниежүзілік деңгейде жою үшін, жаңа халықаралық экономикалық тәртіп 
орнатып, алпауыт дамыған елдердің әлсіз елдерді, олардың табиғи байлықтарын 
қанауын токтату керек. Оның біздің елге де катысы бары сөзсіз. Мүндай мысалдарды 
көбейте беруге болар еді, оны оқырман өз рухани толғауымен толықтырады деген 
ойдамыз. 
Қоғам дамуындағы мүмкіндіктерді сараптап, ең тиімді шешімдерді қабылдауда 
саясаттың орны ерекше. Сондықтан саясатты кейбір кезде «мүмкіндіктің өнері» 
дейді. Саясатта қоғамның барлық ресурстары есепке алынып, «мақсатқа лайықты» 
шешімдер қабылданады. Алайда жалаң технократизм қоғам өмірінде теріс 
салдарлар тудырып, әлеуметтік қайшылықтарды өшіртуі мүмкін. Сондықтан кайсыбір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет