Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет49/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
52 
Қытай, Үнді, Грецияда дүниеге келеді. Философияның мәселелері бір болғанымен, бұл 
үш цивилизация оларға үш түрлі жауап береді, ұқыпты оқырман оны оқыған кезде 
байқайды ғой деген үміттеміз. 
Сол үш цивилизацияның бірі - ұлы Қытай елі. Ол - бүгінгі таңда заманның 
қойған Талабына сәйкес жақсы Жауап тауып, өте тез дамып келе жатқан ел. 
Ғалымдардың айтуына қарағанда, XXI ғасырдың отызыншы жылдарында Қытай 
дүние жүзіндегі ең дамыған елге, дүние жүзінің экономикалық орталығына айналмақ. 
Қытай елінде болып жатқан жаңару үрдістері сол елдің терең түп-тамыры — 4-5 
мың жылға кететін мәдениетімен, сол халықтың дүниетанымы мен дүниесезімі 
(менталитеті), философиясымен байланысты. Синологтардың (қытайтанушылар) 
айтуына қарағанда, Қытайдың моральдық философиясының негізгі қағидалары бүгінгі 
заманның талабына сай келіп, реформаларды жеделдетуге өзінің зор ықпалын тигізуде. 
Ендеше сол халықтың тудырған философиясын зерттеп, өзімізге керек жақтарын 
ойымызға түйейік. 
Қытай философиясына кіріспестен бұрын, бір-екі ауыз сөзді осы халықтың 
мифологиясына арнау керек, өйткені қай халық болмасын оның мәдениеті мен 
философиясының түп-тамыры, қайнар көзі сол көне аңыздарға барып тіреледі. Қытай 
аңыздарында Дүниенің жаратылуына көп көңіл бөлінген. «Алғашқы тұңғиықтың 
(хаостың) ішінде үлкен жұмыртқа пайда болып, оның ішінен дәу алғашқы адам - Пань-
Гу шықты», - дейді Қытай мифологиясы. Содан кейін ол оң қолымен сермеп 
қалғанда, хаос қақ жарылып, жер мен аспан пайда болыпты. Әрі карай оның тынысы 
желге айналып, дауысынан күн күркірейді, бір көзінен күн туса, екіншісінен ай 
пайда болады, Дүниенің төрт бөлігі оның екі қолы мен екі аяғынан, өзендері оның 
қанынан, жаңбыр шыққан терінен пайда болыпты. 
Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы еркектік жағы - ян - ол жеңіл, 
ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы - инь керісінше, ауыр, караңғы түсті 
бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әртүрлі өлшемде қосылуы бүкіл 
болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет