Нуржігіт Алтынбеков
584
Сана мен мидың айырмашылығы неде?
Ойлау формалары бір болса да, неге көптілдік бар?
Кибернетикалық қүралдар адамды ауыстыра ала ма?
Рефераттар тақырыптары:
Философиядағы болмыс үғымы;
Көне Шығыстағы болмыс мэселесі;
Парменидтің болмыс ілімі;
Жалкылық пен жалпылық;
Тәуелсіздіктің болмыстық мән-мағынасы;
Сан мен сапалық өзгерістер;
Өтпелі қоғамдағы секіріс көріністері;
«Аса еш нәрсе», - деген нақыл сөздің мән-мағынасы;
Қозғалыстың қайнар көзі;
Биологиялық қозғалыс формасының ерекшеліктері;
Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялык көзқарас;
Әлеуметтік кеңістік пен уақыт мәселесі;
Даму ұғымы;
Даму мен қозғалыс;
Синергетика ілімі;
Жүйе және элемент;
Мүмкіндік пен шындық;
Детерминизм ілімі;
Қажеттілік пен еркіндік мәселесі;
Материя жөніндегі қазіргі жаратылыстанудағы деректер;
Сана мен тіл;
Сана мен ми;
Сана және компьютер;
Нуржігіт Алтынбеков
585
Философиядағы «рух» үғымы.
XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
§ 1. Таным дегеніміз не?
Жоғарғы тарауда болмыс мәселелерін талдап, «Дүние калай кұрылған?», деген
сұракка жауап беруге тырыстың. Енді уақыт екінші үлкен сұраққа жауап беруді талап
етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан Дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз
бұл сұраққа оң жауап кайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен
құбылыстардың ішкі сырын ашу аркылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылық
жолмен кайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі
машиналар мен механизмдер, электр стансалары, байланыс жүйелері т.с.с. адамның
дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінің шынайы көріністері.
Таным деп біз адамның айнала коршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-
әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісінде. Егерде көне замандағы адам найзағай
жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, оны аспан Құдайының іс-эрекетіне
теңестірген болса, қазіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9 сыныптарда оқитын
әрбір оқушы айта алады.
Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі
көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. Миллиондаған адамдардың дүниетану
әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен бұлақтардан қосылған өзен арнасы сияқты,
қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында
қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері өз
заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудырмауы да мүмкін.
Сондықтан нақтылы тарихи қоғамның сұранысына байланысты «табиғи таңдауға»
ұқсас үрдістердің негізінде жеке адамның санасындағы ойлар қоғамның рухани
байлығына айналады. Ол үшін адамдар өз білімдерімен бір-бірімен бөлісуі кажет. Ол,
негізінен алғанда, университтердің мінбелері, басылып жарық көрген мақалалар мен
кітаптар аркылы, олардың мазмұлын сынау, тиімді және тиімсіз жақтарын қоғамдық
|